Әр адамның жеке басының дәулеттілігін басқарудың негізгі мақсаты – сақтап қалу және арттыру түсу. Қор нарығыныңжеке қаржыларды табысты басқару үшін қажетті құралдары бар.
Қаржылық дәулеттілікке қолжеткізу үшін қор нарығының мүмкіндіктерін қалай тиімді қолдануға болатыны туралы нақтырақ біліңіз
Қор нарығында сауда-саттықты бастамас бұрын, өзіңіз үшін үш маңызды факторды анықтауыңыз керек:
>Брокерді таңдау
Стратегияны таңдау
Брокермен өз жоспарларыңызды, артық көретіндеріңізді және қаржылық мүмкіндіктеріңізді талқылаңыз. Талқылау нәтижесінде нақты белгіленген стратегия болуы тиіс, осы стратегияны басшылыққа ала отырып, әрекет етесіз. Қор нарығында, сондай-ақ өмірдің кез келген саласында, табысқа жету үшін, әрекеттің нақты стратегиясының болуының маңызы зор!
Қызмет көрсетудің шарттары
Брокерден сіздердің ынтымақтастығыңыздың шарттарын нақтылаңыз (брокердің қызметтерінің тарифтері, ақпараттармен алмасу шарттары). Брокерге қандай құжаттарды беруіңіз керектігін нақты түсініп, брокер Сізге қандай құжаттар ұсынуы тиістігі білуіңіз керек
Қызмет көрсетуге келісім-шарт жасасу
Егер бір брокерді таңдасаңыз, онымен брокерлік қызметтер көрсетуге келісім-шарт жасасу үшін оған жүгініңіз (жеке тұлғаңызды куәландыратын, құжаттар керек болады). Әдетте брокер ынтымақтастықтың екі нұсқасын ұсынады: әдеттегі брокерлік қызмет көрсету және активтерді сенімді басқару.
Бағдарламалық қамтуды орнату
Қор нарығында жұмыс жасаудың басты құралы сауда-саттық терминалы болып табылады. Қызметтер көрсетуге келісім-шарт жасасқаннан кейін, брокер Сізге сіздің компьютеріңізге сауда-саттық терминалын баптауды ұсынады
Бастапқы инвестициялардың сомасын аудару
Сіздің сауда-саттық шотыңызға аудару үшін ақша қаражаттырыңыздың қалаған бөлігін аударуыңыз тиіс
Орнатылған сауда-саттық терминалыңыз, интернетке рұқсаттамаңыз және сауда-саттық шотыңызды ақша қаражатыңыз болса, Сәз бағалы қағаздарды сатып алып, Сіздің инвестициялық стратегияңызға сәйкес оларды басқара аласыз