Сауда-саттық ақпарат

Биржалық ақпарат және бағдарламалық қамту

Нақты уақыт тәртіптемесіндегі сауда-саттық ақпарат
Сауда-саттық күні бойы үздіксіз ағыммен ұсынылатын, биржа өткізетін қаржы құралдар сауда-саттықтарының барысы туралы ақпарат. Осындай ақпараттың қалыптасуы мен алушыларға жөнелтілу сәттері арасындағы рұқсат етілген техникалық кідіріс 3 минуттан аспайды.
Кідірілген сауда-саттық ақпараты
Сауда-саттық күні бойы үздіксіз ағыммен, 15-минуттық кідіріспен, ұсынылатын, биржа өткізетін, қаржы құралдар сауда-саттықтарының барысы туралы ақпарат.
Сауда-саттықтардың қорытындылары туралы ақпарат
Осы ақпараттық өнімнің техникалық маманданымымен белгіленетін, белгілі бір уақыт аралықтарынан кейін ұсынылып отыратын, сауда-саттықтар қорытындылары туралы ақпарат.
Мұрағаттық ақпарат
Форматы бойынша сауда-саттықтар қорытындысы туралы ақпараттың файлына ұқсас форматтағы файлдар түрінде, сондай-ақ өтінімдер тізілімі және мәмілелер тізілімі түрінде сауал бойынша ұсынылатын, тарихи ақпарат.
Анықтамалық ақпарат
Қаржы құралдарының сипаттамалары, сондай-ақ бағалы қағаздардың эмитенттері туралы ақпарат
Non-Display/Туынды ақпарат
Нақты уақыт тәртіптемесіндегі сауда-саттық ақпаратын немесе кідірілген сауда-саттық ақпаратын Non-Display жүйелерінде қолдану, немесе туынды ақпарат құрастыру және тарату мақсатында қолдану. Сондай-ақ, Non-Display жүйелерінде қолдану үшін сауда-саттық ақпаратын өңдеу мүмкіндігі ұсынылады. Осы өнім сауда-саттық ақпаратын алготрейдинг және/немесе тәуекел-менеджмент, автоматты түрде өтінімдер беру, инвестициялық талдау жасау, қадағалау, бақылау комплаенсі, сондай-ақ портфельді бағалау және басқа да мақсаттарда пайдалану құқығын береді.
IRIS Finance бағдарламалық өнім
Ақпаратпен жұмыс жасауға арналған модульдық бағдарламалық өнім. Базалық модуль эмитенттер мен бағалы қағаздар, индекстер мен индикаторлар туралы анықтамаларды және басқа да ақпаратты қамтиды.
KASE жаңалықтары
Осы ақпараттық өнім, биржаның эмитенттерден және KASE мүшелерінен сауда-саттық ұйымдастырушысы қызметі шегінде алатын, сондай-ақ, биржалық ақпаратты өңдеу нәтижесінде биржа дербес түрде дайындаған, жаңалықтар лентасын құрайды.
Тұрақты емес сауалдар
Осы ақпараттық өнім биржаның ақпарат ұсынуға бір жолғы немесе тұрақты емес сауалдарды қанағаттандыруын тұспалдайды. Осы өнім шегінде биржа ақпараттық келесі түрлерін ұсынады: бағалы қағаздың нарықтық құны туралы анықтама, бағалы қағаздар мен эмитенттердің тізімі, қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің бағасы туралы ақпарат.
Web-Quotes
KASE өткізетін қаржы құралдарының сауда-саттықтарының барысы туралы ақпаратты KASE интернет-сайты (www.kase.kz) арқылы нақты уақыт тәртіптемесіндегі қарауға рұқсаттама. Қаржы құралдарымен өткізілетін сауда-саттық барысы туралы 30-дан астам параметрден тұратын сауда ақпараты.
Корпоративтік оқиғалар
KASE листингінен өткен эмитенттер және Биржа мүшелері бойынша 20-дан астам түрлі корпоративтік оқиғаларды қамтитын күнделікті есептер.
KASEInfoBot
Telegram қосымшасындағы ақпараттық бот, соңғы және орташа өлшемді баға, валюталық және қор нарықтарындағы сауда-саттықтың көлемі туралы нақты уақыт режимінде ақпаратты қарауға болады, баға өзгерген және жеткен кезде уақыт бойынша хабарламаларды жіберу функциясына ие. https://t.me/KASEInfoBot сілтемесінде орналасқан.
KASE мүшелері үшін
KASE мүшелеріне олардың мәмілелері мен өтінімдері бойынша, бағалар мен көлемдер туралы деректері туралы ақпараттарды ұсыну.

KASE ақпараттық өнімдеріне жазылу үшін, сондай-ақ, қосымша ақпараттар алу үшін Ақпараттық өнімдерді сату бөліміне жүгінуіңізді сұраймыз:

Тел.: +7 (727) 237 53 22
E-mail: mds@kase.kz