Мансап
Біз кәсіпқой мамандар командасында қызықты жұмысты, сондай-ақ өзін-өзі таныту, кәсіби өсу, өз білімдері мен тәжірибесін пайдалану мүмкіншіліктерін ұсынамыз. Бастамашыл, талантты, мақсатына ұмтылған және табысқа сенімді адамдардан, қор нарығында мансабын жаңа бастаған, сондай-ақ тәжірибелі кәсіпқой мамандардан түйіндемелер күтеміз. Бос орындарға үміткерлерге теңдей мүмкіндіктер береміз. Кандидатураларды қарау үдерісінде, әділеттікті, гендерлік теңдікті, сондай-ақ ұйымның бизнес-талаптарын басшылыққа аламыз.

Міндеттері:
-
тапсырыс берушілер мен әзірлеушілер тобынан бизнес-талаптарды жинау және нақтылау;
-
талаптарды техникалық спецификация түрінде рәсімдеу (кіріс деректерін, бизнес-логиканы және шығыс құрылымдарын сипаттау);
-
деректерді жүктеу және трансформациялау (түрлендіру) процестерін сипаттау;
-
деректер витриналары мен есептілік құрылымдарын жобалау: атрибуттар, дереккөздер, сүзгілер, есептеу ережелері;
-
әзірлеушілерге тапсырмалар дайындау және олардың іске асырылу сапасын бақылау;
-
тестілеу процесіне қатысу (есептеу логикасын, деректердің толықтығы мен сапасын тексеру);
-
YouTrack жүйесінде құжаттаманы жүргізу және өзектендіру;
-
Жаңалықтарды генерациялау және жариялау интеграциясы бойынша Java тобымен өзара іс-қимыл жасау.
Талаптар:
-
бизнес-процестерді сипаттау үшін BPMN/UML нотацияларын білу;
-
жүйелік және бизнес-талдау принциптерін түсіну;
-
техникалық құжаттаманы (user story, талаптар, спецификациялар) құрастыру дағдылары;
-
Jira/YouTrack немесе ұқсас жүйелермен жұмыс істеу тәжірибесі.