Сауда-саттық ақпарат

Іскерлік белсенділік индексі

50,00
-0,70

ІБИ - бұл нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. ІБИ Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындалады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақта өзгеруіне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. Деректер қатары маусымдық факторды жоюмен ұсынылған. Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі 

Ақпанда іскерлік белсенділік индикаторы 50,0 көрсетті. Бұл оң және теріс өзгерістер болмағанын білдіреді. Барлық сектор үшін жеткізілім тізбегіндегі мерзімнің ұзақтығы іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тежейтін фактор күйінде қалып отыр.

Индекс мәні 49,1-ден 51,6-ға дейін көтерілген құрылыста іскерлік белсенділіктің жақсарғаны байқалады. Қызмет көрсету секторында индекстің төмендеуіне қарамастан, ол 50,6 болып (2023 жылғы қаңтарда – 52,0), өсу аймағында  қалды. Өндірісте іскерлік белсенділік индексі қаңтардағы 51,0-ден 49,7-ге дейін аздап түсіп, төмендеу жағына өтті. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде көрсеткіш биылғы қаңтарда 45,8-ден 46,6-ға дейін аздап жақсарғаны байқалды, дегенмен, көрсеткіш теріс аймақта қалды. Өндіріс пен тау-кен өндіру өнеркәсібінде жұмыспен қамту деңгейі де төмендеген.

Бизнес-ахуал индексі аздап жақсарды. Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, бизнесті жүргізудің ағымдағы жағдайы аздап төмендеуіне қарамастан, жалпы қолайлы саналады, ал болашақ жағдайларға қатысты күтулер жақсарған.

Нәтижесінде, ағымдағы және болашақ бизнес жағдайлардың орташа бағасын білдіретін бизнес-ахуал индексі 12,8-ге дейін көтеріліп (2023 жылғы қаңтардағы 11,9-дан), бизнес-цикл «сағатының» көресткіші өсу аймағында қалды.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida