Сауда-саттық ақпарат

"Kazakhstan: Local Markets Development" конференциясы

2019 жылдың 05 желтоқсанында Лондон қаласында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк (ҚРҰБ) және Citi бірлесе отырып, ұйымдастырған "Kazakhstan: Local Markets Development" конференциясы болып өтті. Іс-шара қазақстан қор нарығының әлеуеті туралы шет елдік институционалдық инвесторларды хабардар етуге және оған қол жеткізу әдістеріне бағытталды.

Іс-шара аясында "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері және макроэкономикалық шолу" және "Оқшау валаютамен құралдар және инфрақұрылым нарығын дамыту" атты тақырыбында талқылаулар өтті. Конференцияда спикерлер ретінде KASE, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк, Citi, Европа Қайта құру және даму банкі, Clearstream Banking S.A. және Amundi Asset Management өкілдері қатысты. Спикерлер Қазақстандағы макроэкономикалық және KASE нарығындағы жағдайлар туралы, экономиканың нақты секторының инвестициялық әлеуеті, қор және ақша нарығындағы артықшылықтар мен Қазақстан капиталы нарығы инфрақұрылымындағы ақпаратпен бөлісті. Талқылау барысында сондай-ақ, шет елдік қатысушылар мен қазақстандық нарық капиталына қол жеткізу мәселелері қозғалды.

KASE Басқармасының Төрайымы Алина Алдамберген: "KASE қаржы тарту және өтімділікті басқару үшін қаржы құралдарының ауқымды спектрін сауда-саттық қатысушыларына ұсынатын және үздік биржалық тәжірибелерді пайдаланатын әмбебап сауда-саттық алаңы болып табылады. KASE Қазақстандық және шет елдік қаржы институттарымен серіктестікте Қазақстан Республикасы биржалық нарығын дамытуға жұмыс істейді және нарық пен серіктестіктің жаңа қатысушылары үшін ашық. Ағымдағы жылы қабылданған KASE даму стратегиясы таяудағы үш жылға қолданыстағы IT-жүйесін жаңғыртуға бағытталған, KASE барлық нарығында орталық контрагентті енгізу арқылы жалпыға мәлім нарықтың инфрақұрылымын құру, биржалық нарықтың өтімділігі мен тереңділігін арттыру, сондай-ақ тұрақты даму қағидаларын енгізу болып табылады. Стратегияны табысты жүзеге асыру KASE қатысушылар мен инвесторлар үшін тартымды және сенімді бола алады".

Конференцияға ірі институционалдық инвесторлар мен өзге де нарықтың кәсіби қатысушылары қатысады.

Іс-шара бағдарламасы (ағылшын тілінде).

Презентациялар (ағылшын тілінде):
KASE Markets Overview;
Macro Outlook_and Investment Opportunity in Kazakhstan;
Money Market Development in Kazakhstan;
Launching CCP in KASE Markets;
Setting Link to Kazakhstan Local Markets;
Expanded Distribution of Local Debt Securities in a Depositary Receipt Format;
Why Atractive to Invest in Kazakhstan.