Сауда-саттық ақпарат

"ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" Халықаралық конференциясы

2022 жылдың 16 қарашасында "Қазақстан қор биржасы" АҚ (бұдан әрі – Биржа немесе KASE) Қазақстан қаржыгерлерінің X Конгресі шеңберінде "ESG – қаржы нарығын дамытудың жаңа парадигмасы" атты халықаралық конференциясын өткізді.Конференцияның бірлескен ұйымдастырушылары: Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) және БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (UNEP).

Қазақстан мен жақын және алыс шет елдердің қаржы нарығының сарапшылары үшін пікірталас алаңына айналған конференцияда ESG қағидаттарын енгізу мәселелері талқыланды: тұрақты даму жобаларын қаржыландырудың жаһандық трендтері, реттеуді дамыту, корпоративтік ESG-стратегиялары және бизнесті трансформациялау, сондай-ақ ESG-ақпаратты ашу саласындағы озық тәжірибелер, жасыл қаржыландырудың қолжетімді құралдары, Орталық Азия мен Қазақстандағы ESG-жобалар және басқа да өзекті тақырыптар.

Іс-шара бағдарламасына пленарлық отырыс, панельдік пікірталастар және практикалық воркшоптар кірді, онда 40-тан астам танымал спикерлер ESG мәселелері бойыншасараптамалық пікірлерімен бөлісті. Конференцияға мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдардың басшылары, корпоративтік сектордың, даму институттарының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференция гибридті форматта – офлайн және онлайн өтті– және аудиторияны барынша қамту үшін үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратылды.

Конференцияға 800-ден астам адам, олардың ішінде мемлекеттік компаниялардың, қаржы, энергетика және IT секторларының өкілдері, кәсіпкерлер, сарапшылар, аудиторлық және консалтингтік компаниялардың өкілдері қатысты.

Толығырақ баспасөз хабарламасында.

Спикерлер презентациялары:

- Мехмет Фатих Туркер, AVIS Казақстан
- Даниэль Бузас Луис, UNEP FI
- Ботагөз Әбішева, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ
- Гарт Бедфорд, IFC
- Медетбек Назаралиев, "Қырғыз қор биржасы" ЖАҚ
- Олег Швырков, Nestor Advisors
- Зарина Абитаева, "Қазақстан қор биржасы" АҚ
- Абишек Хедж, АДБ
- Питер Марро, АДБ
- Бақытжан Мақажанов, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ