Сауда-саттық ақпарат

"KASE облигацияларына инвестициялау мүмкіндіктері" вебинары

2021 жылдың 08 қазанында сағат 11:00-де KASE "KASE облигацияларына инвестициялау мүмкіндіктері" онлайн-форматында оқыту семинарын өткізеді.

Іс-шара KASE жаңадан бастаған және жұмыс істеп тұрған бөлшек инвесторларына пайдалы болады. Вебинар қорытындысы бойынша сіз облигациялар деген не және олар бағалы қағаздар нарығының басқа құралдарынан несімен ерекшеленетінін білетін боласыз. Облигациялардың түрлерін – эмитенттің типі бойынша, табысты төлеу тәсілі бойынша, айналыс мерзімі бойынша және т.б. айыра білетін боласыз, кредиттік рейтингтерге неге назар аудару маңызды екенін түсінесіз. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан қор биржасындағы айналыстағы облигациялар әлеміне еніңіз.

Семинар спикерлері:
- Жанат Әбдіхалықова, "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ сату департаментінің басқарушы директоры. Бағалы қағаздар нарығында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, активтерді басқару бойынша бағытқа, брокерлік-дилерлік қызметке жетекшілік етеді.
- Әйгерім Қойшыбаева, "CAIFC INVESTMENT GROUP" АҚ талдау және корпоративтік қаржы департаментінің талдаушысы. Инвестициялық ұсынымдар бере отырып, бағалы қағаздарға және эмитенттердің жергілікті және халықаралық қаржы нарықтарындағы корпоративтік оқиғаларына талдау жүргізеді.

Қатысу үшін қысқа онлайн-тіркеуден өту қажет.

Онлайн-семинар Бағалы қағаздар нарығының құралдарына инвестициялау тақырыбын ашатын, инвесторларға арналған "Қазақстан қор биржасында инвестициялау" кешенді оқыту бағдарламасы шеңберінде Биржа өткізетін алты вебинардың ішінде үшінші болып табылады.