Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks – ашық дәрістер (ақпан)

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2018 жылы Қазақстан Республикасының қаржы нарығын құру және дамытуға үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлердің қатысуымен KASE Talks дәрістер циклін іске қосты.

2020 жылдың 27 ақпанында KASE Talks алаңында Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқармасының Төрағасы Ибрагимова Ляззат Еркеновна сөз сөйледі.

Бұрын Ляззат Еркеновна "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары болған. Сондай-ақ ол "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" Директорлар кеңесінің мүшесі, "КазЭкспортГарант" сараптама-несие сақтандыру корпорациясы" АҚ және "Технологиялық дамыту жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

KASE Talks мақсаты – республиканың қаржы нарығының қалыптасу жағдайы мен оның дамуына әсер ететін негізгі факторлар туралы ақпаратталығын арттыру.

KASE Talks міндеті – Қазақстанның қаржы нарығын әрі қарай танымал ету, сондай-ақ KASE және жалпы қор қызметі туралы ақпарат ұсыну болып табылады.

KASE дәрістеріне кіру тегін.

Іс-шараның суреттері (Facebook) .

Іс-шараның бейнежазбалары (YouTube, орыс тілінде).