Сауда-саттық ақпарат

"KASE FEST" брокерлер жәрмеңкесі (Narxoz University)

2022 жылғы 22 қазанда Narxoz University-де ( Алматы қ.) World Investor Week 2022 шеңберінде қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" үшінші жәрмеңкесі өтті. Іс-шара қазақстандық қор нарығында сауда-саттықты насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық компанияларының IPO қарсаңында инвесторлардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Іс-шарада "Halyk Bank" АҚ, "Halyk Finance" АҚ, "Skybridge Invest" АҚ, "Freedom Broker" АҚ, "Jusan Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Centras Securities" АҚ, "Standard Investment Company" АҚ спикерлері сөз сөйледі. Сондай-ақ қатысушыларды инвестициялау және IPO бойынша семинарлар, "Биржалық симулятор" оқу сауда-саттықтары, қызықты ойындар мен сыйлықтар күтіп тұрды!

Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты, оның ішінде студенттер мен инвесторлар.

Іс-шара фото есебі
Іс-шара бағдарламасы