Сауда-саттық ақпарат

"Инклюзивті көшбасшылық: бизнестегі жаңа шындық" онлайн іс-шарасы және "Ring the Bell for Gender Equality" сауда-саттық ашылуының салтанатты рәсімі

2021 жылғы 05 наурызда Қазақстан қор биржасы БҰҰ тұрақты даму жөніндегі бастамасына қосылу және жыл сайынғы Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттық ашудың салтанатты рәсімі шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп "Инклюзивті көшбасшылық: бизнестегі жаңа шындық" онлайн-іс-шарасын өткізді.

Ring the Bell for Gender Equality жаһандық акциясы әлемдік қоғамдастықтың назарын гендерлік әртүрлілік мәселелеріне және саясат, экономика және бизнес салаларындағы әйелдердің ықпалын кеңейтуге бағытталған.

Ring the Bell for Gender Equality сауда-саттықтың ашылу рәсімін KASE 2015 жылы KASE БҰҰ-ның "Тұрақты қор биржалары" – Sustainable Stock Exchanges Initiative (SSE бастамасы) бастамасына қосылуды жүзеге асыру шеңберінде 4-ші рет өткізіп отыр. Бүкіл әлем бойынша бұл акцияға "БҰҰ-әйелдер", Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC), "Әйелдер және биржалық индекстік қорлар" және Дүниежүзілік биржалар Федерациясы сияқты ұйымдар қолдау көрсетеді. Биыл ашылу салтанатына бүкіл әлем бойынша 100-ден астам биржалар қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.

Іс-шара корпоративтік сектордың тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізу үшін гендерлік теңдікті ілгерілетуде және 2019 жылдан бастап KASE құрамына кіретін "Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттары – Бизнес тең құқық дегенді білдіреді" (Women's Empowerment Principles, WEP) жаһандық бастамасы туралы хабардар болуды арттыруда негізгі рөл атқара алу мүмкіндігіне назар аударуға бағытталған.

Онлайн іс-шара спикерлері Қазақстандағы бизнестегі әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, инклюзивті көшбасшылық, корпоративтік басқарудың жаңа тәжірибесі және т.б. туралы әңгімеледі.