Сауда-саттық ақпарат

"KASE Mobile" қосымшасының онлайн-презентациясы

Қазақстан қор биржасы жаңа ақпараттық өнімі - "KASE Mobile" мобильді қосымшасының ресми онлайн тұсаукесері өткізді.

Қосымша Биржаның ақпараттық өнімдерінің тізімін толықтырады және ең алдымен бөлшек және кәсіби инвесторлар үшін биржалық ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған, сонымен қатар оның көмегімен сауда-саттыққа қатысуға мүмкіндік береді.

Қосымша пайдаланушыларға биржада саудаланатын көптеген құралдар – акциялар, корпоративтік және мемлекеттік облигациялар, шетел валютасы бойынша нарықтық және анықтамалық ақпаратты қадағалауға мүмкіндік береді. "KASE Mobile" арқылы KASE нарығының индикаторлары бойынша деректерді, Биржа және оның эмитенттерінің жаңалықтарын қарауға болады.

"KASE Mobile" қосымшасының ерекшелігі нарықтар бойынша ақпаратқа бір шертумен неғұрлым құрылымдалған қол жеткізу, пайдаланушының бір бетте олардың бағаларын одан әрі қадағалау үшін таңдаулы құралдар жинағын жасау мүмкіндігі болып табылады.

"KASE Mobile" қызметін тегін және авторизациясыз пайдалануға болады. Қосымша Android және IOS платформаларында қолжетімді.