Сауда-саттық ақпарат

KASE Назарбаев Университетінің "Master of Science in Finance" бағдарламасының магистранттары үшін таныстыру семинарын өткізді

2020 жылдың 25 ақпанында KASE Назарбаев Университетінің "Master of Science in Finance" бағдарламасының магистранттары үшін таныстыру семинарын өткізді. Семинардың басты мақсаты – қатысушыларды Қазақстан қор биржасының қызметімен таныстыру болып табылады.

Семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Назарбаев Университеті" ББҰ Жоғары бизнес мектебімен "ҚРҰБ Оқу орталығы" АҚ базасында өткізілді.

Биржа өкілдері тыңдаушыларды қор нарығының инфрақұрылымымен таныстырып, KASE-де қолданылатын листингілік талаптар мен эмитенттердің ақпаратты ашу процедуралары туралы айтып, бағалы қағаздар нарығына инвестициялау тақырыбын қозғады. Семинарға қатысушыларға сондай-ақ Биржаның ресми сайты таныстырылды.