- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Биржа KASE day in Astana өткізді
Биржа KASE day in Astana өткізді
29 қаңтарда Астана қаласында Биржа өкілдерінің қатысуымен KASE day in Astana іс-шарасы өтті.
KASE-нің Басқарма төрағасының орынбасары Дана Аманжолова 2024 жылы KASE-де жүргізілген сауда-саттық көлемі 389 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға өскенін атап өтті. Листингіден 86 эмитент бойынша 226 бағалы қағаздар шығарылымы өтіп, рекордық көрсеткішті құраған. Оның 32-сі осы рәсімнен бірінші рет өткен. Дана Аманжолова Биржаның жаңа стратегия аясында өзінің негізгі нарықтардағы көшбасшылық орнын сақтап қалуды, сондай-ақ жаңа эмитенттер мен инвесторларды шақыру есебінен нарықтағы өтімділікті арттыруды көздейтінін атап өтті.
KASE-нің Басқарма төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесімен таныстырып, оның аясында Абу-Даби Қор биржасы құрған Tabadul Hub цифрлық биржа платформасына қосылу туралы келісімге қол қойылуы маңызды қадам болғанын атап өтті.
KASE-нің Ақпараттық өнімдерді дамыту бөлімінің бастығы Әсел Казбекова Биржаның жаңа ақпараттық өнімдерімен таныстырып, 2024 жылғы 1 тамыздан бастап KASE-нің бағалы қағаздардың нарықтық құнын жаңа Әдістемеге сәйкес есептей бастағанын атап өтті. Бұл жаңа бастама қаржы құралдарының құнын есептеудің бұрынғыдан да айқын, дәл және халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Іс-шараның модераторы Астана қаласындағы өкілдіктің директоры Даниял Нугербеков болды.