- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE серіктестермен бірлесіп "Бизнесті қаржыландыру көздері: Стартаптан бастап ірі компанияға дейін" тақырыбында семинар өткізді
KASE серіктестермен бірлесіп "Бизнесті қаржыландыру көздері: Стартаптан бастап ірі компанияға дейін" тақырыбында семинар өткізді
13 маусымда Қазақстан қор биржасы өзінің серіктестері – "Фридом Финанс" АҚ, Young Presidents' Organization Kazakhstan (YPO Kazakhstan) және басқа да ірі компаниялармен бірлесіп, "Бизнесті қаржыландыру көздері: Стартаптан бастап ірі компанияға дейін" тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарда кәсіпкерлерге жобаларын табысты іске асырумақсатында қаражат тартудың әртүрлі тәсілдері туралы өзекті ақпарат берілді.
Семинарға қатысқан ірі қаржы ұйымдарының өкілдері банктік қаржыландыру, халықаралық нарықтардағы корпоративтік қаржыландыру, ESG-қаржыландыру, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ұсынған субсидиялау және кепілдік беру құралдарын қолдану, "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" АҚ және "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ-мен ынтымақтастық сияқты тақырыптарды қозғады.
"KASE клиринг орталығы" АҚ Басқарма Төрағасы Наталья Хорошевская өз кезегінде IPO өткізу және облигациялар шығару арқылы қор нарығында қаражат тарту мүмкіндігі жөнінде мәлімет берді.