Сауда-саттық ақпарат

Павлодарда қазақстандық брокерлердің "KASE FEST" жәрмеңкесі өтті

2024 жылдың 08 қазанында KASE Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразиялық университетінің алаңында қазақстандық брокерлердің “KASE FEST” бірінші жәрмеңкесін өткізді.

KASE және брокерлік компаниялардың өкілдері іс-шараға қатысушыларға қор нарығына инвестициялау, брокерлік компаниялармен өзара іс-қимыл туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылар “Фридом Финанс” АҚ-ның Қаржылық дегістация ойынында өз күштерін сынап көрді.

Жәрмеңкеде “Қазпошта” АҚ, “Банк ЦентрКредит” АҚ, “Фридом Финанс” АҚ өкілдері болды. Жалпы іс-шараға 100 ден астам адам қатысты.

Айта кетейік, Биржа Қазақстанның тағы екі қаласында: 11 қазанда – Астанада және 24 қазанда Алматыда жетекші жоғары оқу орындарының алаңдарында “KASE FEST” қазақстандық брокерлердің жәрмеңкелерін өткізеді. Бұл іс-шара Дүниежүзілік қор биржалары Федерациясының (WFE) World Investor Week 2024 жыл сайынғы бағдарламасын және “Ring The Bell for Financial Literacy” рәсімін қолдау мақсатында жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, 11 қазанда биржа Maqsut Narikbayev University алаңында “Самұрық-Қазына” АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжанмен KASE Talks өткізеді. Іс-шара барысында IPO және SPO-дан өткен “Самұрық-Қазына” АҚ портфельдік компанияларының активтерін жекешелендіру бағдарламасына, шетелдік инвестицияларды тартуға, сондай-ақ қордың жекешелендіру бағытындағы жоспарларына байланысты мәселелер талқыланады.