Сауда-саттық ақпарат

Отбасы банкінің Эмитент күні туралы

2024 жылғы 5 шілдеде сағат 15:00-де KASE "Отбасы банкінің Эмитент күнін" өткізеді. Қатысушыларды Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280 мекенжайы бойынша орналасқан Smart Point коворкинг орталығының Amphitheatre залында күтеміз.

Эмитент күні барысында Отбасы банкінің басшылығы 2023 жылғы қаржылық нәтижелерімен таныстырып, банк облигацияларының жоспарланған шығарылымдары туралы мәлімет береді.

Іс-шараның спикері – Отбасы банкінің Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Іс-шарада ҚНРДА Бағалы қағаздар эмитенттерін мониторингілеу және реттеу басқармасының басшысы Заура Жұмабаева сөз сөйлейді.

Модераторы – KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов.