Сауда-саттық ақпарат

Эмитент күні "KEGOC" АҚ

2024 жылдың 21 қарашасында KASE "KEGOC эмитенті күнін" өткізді, онда компания басшылығы операциялық және қаржылық нәтижелерді ұсынды, сондай-ақ 2024 жылдың 9 айындағы негізгі уақиғалар, ұлттық электр желісін дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру және компанияның 2032 жылға дейінгі даму перспективалары мен стратегиясы туралы әңгімеледі.

"KEGOC" АҚ спикерлері ретінде "KEGOC" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева, сондай-ақ іс-шараның модераторы болған "KEGOC" АҚ Стратегия және тұрақты даму жөніндегі басқарушы директоры Эльвира Қонақбаева сөз сөйледі.

"KEGOC" АҚ өкілдері "KEGOC" АҚ іске асыратын бірнеше негізгі инвестициялық жобаларды атап өтті. Олардың ішінде: Қазақстан БЭЖ оңтүстік аймағының электр желісін күшейту, Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жобасы, Астананы сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту жобасы, сондай-ақ жоғары вольтты электр беру желілерін қайта жаңарту жобасы.

Сондай-ақ, іс-шараға "KEGOC" АҚ-мен бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін брокерлік ұйымдардың өкілдері қатысты: "Sky Bridge Invest" АҚ Басқарма Төрағасы Замира Сүндетова, "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Басқарма мүшесі Роман Асильбеков, "Jusan Invest" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Төлепов; "BCC Invest" АҚ Талдау және зерттеу департаментінің директоры Сұлтан Жұмағали; "Freedom Finance" АҚ инвестициялық талдаушысы Аңсар Әбуев.

KASE тарапынан Эмитент күніне Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжекенов қатысты.