Сауда-саттық ақпарат

KASE "ҚазТрансОйл" АҚ Эмитент күнін өткізеді.

2024 жылғы 28 тамызда сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "ҚазТрансОйл" АҚ басшылығымен ""ҚазТрансОйл" АҚ қызметінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары" тақырыбында онлайн-кездесу өткізеді.

Іс-шара инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына арналған.

"ҚазТрансОйл" АҚ спикерлері:

- Бас директордың корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Алмас Унгарсынов,

- Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Амиржан Оспанов.

Кездесуге даму жөніндегі Басқарушы директор Абай Имагалиев, сонымен қатар "ҚазТрансОйл" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары қатысады.

Қатысу үшін мына сілтеме. бойынша тіркеліңіз.

Тіркелгеннен кейін онлайн-конференцияға кіру туралы ақпараты бар растау хаты жіберіледі.