Сауда-саттық ақпарат

KASE Talks Ләззат Ибрагимовамен

Қазақстан қор биржасы 2024 жылғы 3 шілдеде сағат 15:00-де "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізеді.

Ләззат Ибрагимова осыған дейін "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-да жұмыс істеген, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ипотекалық ұйымы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Іс-шара барысында "Отбасы банк" АҚ қызметіне және оның қор нарығына қатысуына қатысты тақырыптар талқыланады.

KASE Talks кездесуін KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген жүргізеді. Қазақстан қор биржасы қаржы нарығы мен Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks дәрістер топтамасын 2018 жылдан беру өткізіп келеді.