Сауда-саттық ақпарат

KASE "Отбасы банк" АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізді.

3 шілдеде Қазақстан қор биржасы «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен KASE Talks өткізді.

KASE Talks кездесуін KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов жүргізді.

Іс-шара барысында Ермек Мажекенов пен Ләззат Ибрагимова «Отбасы банк» АҚ-ның тұрғын үй бағдарламаларының операторы ретіндегі қызметі туралы, соның ішінде жас отбасыларды қолдауға бағытталған «Отау» және «Наурыз» жаңа бағдарламалары туралы өзекті тақырыптарды талқылады.

Білім беру депозиттері, сондай-ақ гендерлік теңдікті ілгерілету шеңберінде гендерлік ипотеканы қолға алу мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ, жақын арада «Отбасы банк» АҚ-ның жаңа облигацияларын шығару және банктің жұмысына ESG-қағидаттарын енгізу жобасы сөз болды.

Жаңа технологиялық шешімдер, соның ішінде мобильді қосымшаны жетілдіру жоспарлары, Baspana market жылжымайтын мүлік порталының артықшылықтары талқыланды.

Қазақстан қор биржасы қаржы нарығы мен Қазақстан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі қазақстандық қаржыгерлер мен бизнесмендердің қатысуымен KASE Talks бағдарламаларының циклін 2018 жылдан бері өткізіп келеді.