Сауда-саттық ақпарат

KASE "Отбасы Банкінің Эмитент күнін" өткізді

5 шілдеде Қазақстан қор биржасы "Отбасы банкі" АҚ Басқарма Төрағасы Ләззат Ибрагимованың қатысуымен "Отбасы Банкінің Эмитент күнін" өткізді.

Ләззат Ибрагимова Отбасы Банкі қызметінің 2023 жылғы қаржылық нәтижелері, Банк облигацияларының жоспарланған шығарылымдары және тұрғын үй жобаларын іске асыру жоспарлары туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

"Отбасы Банкі Эмитент күні" іс-шарасында ҚНРДА Бағалы қағаздар эмитенттерін мониторингілеу және реттеу басқармасының басшысы Заура Жұмабаева сөз сөйледі.

Кездесудің модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов болды.

Бүгінгі таңда "Отбасы банкі" АҚ Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыратын жалғыз банк болып отыр. ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй қарыздарын беру арқылы қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуды көздейді. Сонымен қатар банк жеке құрылыс салушылармен ынтымақтаса отырып, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй сатуды іске асырады.