Сауда-саттық ақпарат

BI Development эмитентінің күні

2024 жылдың 18 қазанында сағат 11:00-де KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде BI-Development Ltd. жеке компаниясы теңгелік және долларлық облигацияларды жоспарлы шығару мен KASE-де орналастыруға байланысты институционалдық инвесторлар үшін таныстыру рәсімін өткізеді.

Институционалдық инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына арналған іс-шара.

Спикерлер BI Development Ltd. ЖК өкілдері, сондай-ақ қор нарығында эмитентпен жұмыс істейтін андеррайтерлер консорциумының өкілдері болады:

• Руслан Ембергенов, BI Development Ltd. ЖК қаржы директоры,

• Сәкен Абильмажинов, BI Development Ltd. ЖК корпоративтік қаржы және қазынашылық жөніндегі жетекшісі,

• Аманат Искаков, "BCC Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры,

• Роман Асильбеков, "Halyk Finance" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары,

• Санжар Оспанов, "Jusan Invest" АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің басқарушы директоры.

Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов болады.

BI-Development Ltd. ЖК Орталық Азия өңіріндегі тұрғын үй нарығындағы № 1 девелоперлік компания болып табылады (Fitch Ratings-тен "Тұрақты" болжамы бар "ВВ" халықаралық кредиттік рейтингімен), Қазақстандағы BI Group ірі инвестициялық-құрылыс холдингіне кіреді және Қазақстанның ірі қалалық агломерацияларындағы қазіргі заманғы тұрғын үй-жайларды салуға пен сатуға маманданған.

Қатысу үшін өзіңіздің тіркеу мәліметтеріңізді customers@kase.kz-ға жазыңыз.

Таныстыру рәсімі Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің солтүстік мұнарасы, 1-қабат, PRESS ROOM мекенжайында өтеді.