Сауда-саттық ақпарат

KASE-дегі вебинар

2024 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және "Даму " кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-мен бірлесіп, бірнеше тақырыпты қамтитын вебинар өткізеді:

1. "KASE-дегі листинг". Спикер – KASE Листинг департаментінің директоры Алла Малецкая.

2. "Орта бизнес компанияларында корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру тәсілдері". Спикер – ҚНРДА Бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары, корпоративтік басқару саласындағы сертификатталған жаттықтырушы Әділ Мамажанов.

3. "Қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары". Спикер – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Субсидиялау департаментінің директоры Сәуле Абишева.

Іс-шараның модераторы Эмитенттермен және инвесторлармен жұмыс департаментінің директоры Азиза Ордабаева болады.

Тыңдаушылар орта бизнес компанияларында корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін қалай құру керектігін, биржаға табысты шығу үшін қандай қадамдар қажет екенін және KASE-дегі листинг қандай артықшылықтар беретінін, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолжетімді құралдары мен оларды қор нарығы арқылы бизнесті дамыту үшін қолдану тәсілдері туралы біледі.

Вебинарға қатысу үшін мына сілтемесі бойынша тіркелу қажет.