- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ "Эмитент күнін" өткізді
KASE "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ "Эмитент күнін" өткізді
16 шілдеде Қазақстан қор биржасы "Altyn Samruk Qazaqstan" АҚ Бас директоры Гүлбану Пазылхаированың қатысуымен "Altyn Samruk Qazaqstan Эмитенті күнін" өткізді.
Сонымен қатар спикерлер ретінде "Altyn Samuryk Qazaqstan" АҚ өндірістік директоры Еділ Қалыбаев, "Eastern Gold" ЖШС директоры Гүлмира Касылова және "SkyBridge Invest" АҚ Басқарма Төрағасы Шолпан Айнабаева сөз сөйледі.
Эмитент өкілдері іс-шараға қатысушыларға компанияның өндірістік процесі, технологиялық ерекшеліктері және экологиялық стандарттардың сақталуы туралы, сондай-ақ 2024 жылғы 24 шілдеде 500 мың АҚШ долларына облигацияларды орналастыру жоспарланғаны туралы мәлімдеді. Шығарылымның жалпы көлемі 6 млн АҚШ долларын, айналым мерзімі – 3 жылды және купон мөлшерлемесі – жылдық 9% құрайды.
"Altyn Samruk Qazaqstan" компаниясы бағалы және сирек металдарды барлаумен және өндірумен айналысады, Абай облысының Көкпекті және Жарма аудандарында алтын кен орындарын игереді, UN Global Compact мүшесі болып табылады. Компанияның меншігінде құрамында алтын бар қорытпаны өндіретін гидрометаллургиялық зауыт, сонымен қатар Родниковое және Белая горка кен орындарын қамтитын "Eastern Gold" ЖШС-нің 100% қатысу үлесі бар.
"Altyn Samruk Qazaqstan" АҚ-ның бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық кеңесшісі – "SkyBridge Invest" АҚ.