- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE "Азия кредиттік қоры" МҚҰ" ЖШС арналған Эмитент Күнін өткізді
KASE "Азия кредиттік қоры" МҚҰ" ЖШС арналған Эмитент Күнін өткізді
2024 жылдың 27 қарашасында KASE "Эмитент күні" жобасы аясында "Азиялық кредиттік қор" МҚҰ" ЖШС басшылығымен онлайн кездесу өткізді. Іс-шараға АКҚ Басқармасының төрайымы Жанна Жақыпова, сондай-ақ АКҚ Басқарма мүшелері Ұлан Үсенов пен Азат Әбдекеев қатысты.
Кездесуде АКҚ Басқармасының төрайымы Жанна Жақыпова 2024 жылдың 9 айындағы қаржылық нәтижелерін ұсынды, компания қызметінің қорытындылары туралы айтып берді, сондай-ақ KASE-де облигациялар шығару жөніндегі жоспарларды қоса алғанда, компанияның стратегиялық жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, Жақыпова ханым АКҚ-ның ауылдық қоғамдастықтарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесін атап өтті, компанияның қаржылық сауаттылық бойынша өткізетін тренингтері, сондай-ақ экологиялық бастамалар, оның ішінде "жасыл" кредиттік өнімдер туралы айтты. Оның айтуынша, алдағы екі жылға арналған жоспарлардың қатарында пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін мобильді қосымшаны әзірлеу де тұр.
Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мәжікенов болды.
Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Азия кредиттік қоры" МҚҰ" ЖШС қызметі Қазақстандағы ауыл шаруашылықтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жетекші микроқаржы ұйымы болып табылады. Өз жұмысы барысында АКҚ $305,9 млн сомасына кредиттер бере отырып, 131 000-нан астам клиенттерге қолдау көрсетті және өзін Қазақстанның микроқаржы нарығының тұрақты және әлеуметтік бағдарланған қатысушысы ретінде көрсетті.