Сауда-саттық ақпарат

2024 ж. І жартыжылдығының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы

KASE Басқарма Төрағасы Алина Алдамберген 2024 жылғы 15 шілдеде өткен баспасөз конференциясында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы биржалық нарық жұмысының нәтижелерін ұсынды.

Есептік кезеңде KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі 187,2 трлн теңгені құрады және 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,7 %-ға өсті.

Жыл басынан бері KASE Индексінің мәні 23,0 %-ға 5 151,81 тармаққа дейін өсті.

Акциялар нарығын капиталдандыру 20,8 %-ға немесе 32,3 трлн теңгеге өсті. 2024 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 698 эмитенттердің 252 атауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар болды.

2024 жылдың басынан бері листинг процедурасынан 15 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары өтті: біреуі акциялар секторында, біреуі KASE Global секторында және 13 корпоративтік облигациялар секторында.