Сауда-саттық ақпарат

KASE "Биржалық симулятор" салтанаты ашылу рәсімін өткізді.

📢8 сәуірде KASE-де 16-шы "Биржалық симулятор" байқауының онлайн ашылу салтанаты өтті.

🔸Ашылу рәсімінде KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Ермек Мажекенов, "Freedom Broker" АҚ Маркетинг департаментінің директоры Нина Нұрамбекова, "Тұран" университетінің оқытушысы Галина Маргацкая, KASE Эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің бас менеджері, "Биржалық симулятор" жобасының үйлестірушісі Ғаділбек Аким сөз сөйледі.

Спикерлер "Биржалық симулятордың" құрылу тарихы, жобаның мақсаттары мен байқаудың шарттары туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, рәсімге қатысушылар 2023 жылы жобаны іске асыру нәтижелерімен және "KASE Mobile" мобильді қосымшасы арқылы жүргізілетін оқу сауда-саттығының ережелерімен танысты.

🔸Салтанатты рәсімде "Биржалық симулятор – 2023" жобасының жеңімпаздары Сабыр Оспанов пен Тимур Садықов байқау аясында қол жеткізген табыстары туралы, жобаға қатысу барысында бағалы қағаздарға инвестициялаудың тәжірибелік дағдыларын жетілдіріп, қор нарығының жұмысына қатысты білімдерін арттырғаны жөнінде әңгімеледі.

🔸"Биржалық симулятор" жобасы Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында іске асырылуда және 2024 жылғы 31 мамырға дейін өтеді.

🔸"Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін:

- тіркелудің электрондық нысанын Taplink-тегі сілтеме арқылы толтырыңыз.

- Google Play және App Store арқылы KASE Mobile мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

- KASE Mobile арқылы қосылу нұсқаулығымен Taplink-тегі сілтеме бойынша танысыңыз.

🔸Қосымша ақпарат алу үшін мына электрондық пошта бойынша хабарласыңыз: bs@kase.kz немесе customers@kase.kz.