Сауда-саттық ақпарат

KASE кәсіпкерлер үшін "Қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары" тақырыбына вебинар өткізді

2023 жылдың 08 маусымында KASE қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында "KASE-де қаржыландыруды тарту" оқыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер үшін "Қор нарығында қаржыландыруды тарту құралдары және олардың артықшылықтары" вебинарларын өткізді. 08 маусымда KASE эмитенттерімен және инвесторларымен жұмыс департаментінің оқыту бағдарламаларының үйлестірушісі Шынар Елубаева іс-шараға қатысушыларға бизнеске арналған қор нарығының құралдары, олардың түрлері мен артықшылықтары туралы айтып берді.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің бас менеджері Алтынай Ысқақова және кепілдік беру департаментінің бас менеджері Камиля Жетпісбаева қор нарығына шыққан кезде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Вебинар жазбалары сілтеме арқылы қол жетімді.

Рұқсаттама коды: 2%QPYJDp