- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Home Credit Bank" АҚ-дағы "Эмитент күні"
"Home Credit Bank" АҚ-дағы "Эмитент күні"
2023 жылдың 25 шілдесінде сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін KASE "Эмитент күні" жобасы шеңберінде "Home Credit Bank" АҚ басшылығымен "Инвестор күні. Облигациялардың жаңа шығарылымдары және Банктің қаржылық нәтижелері" тақырыбында кездесу өткізеді.
Іс-шара инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін өткізіледі.
"Home Credit Bank" АҚ спикерлері Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров, Қаржы директоры Роман Войдыла, Тәуекелдер жөніндегі директор Йосеф Ражко, Клиенттермен өзара іс-қимыл жөніндегі директор Зденек Фоукал, Қазынашылық басшысы Самат Әлкенов, ШОБ бағытының басшысы Дамир Какиев, Цифрлық банкинг басшысы Станислав Тян және Маркетинг және бренд басшысы Мария Мун болады.
"Home Credit Bank" АҚ спикерлері Банктің дамуы туралы өз көзқарастарымен бөліседі, Банктің қаржылық жетістіктері туралы әңгімелейді, сондай-ақ қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап береді.
KASE Басқарма Төрайымы Алина Алдамберген құттықтау сөз сөйлейді. Іс-шараның модераторы KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская болады.
Іс-шара Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көпфункционалды кешенінің Солтүстік мұнарасы, Press Room 1-қабат мекенжайы бойынша өткізіледі.