- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- "Қазпошта" АҚ-мен KASE Talks
"Қазпошта" АҚ-мен KASE Talks
2022 жылдың 5 қазанында сағат 19.00-де "Қазпочта" АҚ ақпараттық технологиялар және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Николай Мельниковтың қатысуымен KASE Talks өтеді. Эфир жүргізушісі — Андрей Цалюк, KASE басқарма төрағасының орынбасары ("Қазақстан қор биржасы" АҚ).
⠀⠀
Эфирдің басты тақырыбы — «Қазпочта – жай ғана пошта емес» еліміздің қор нарығындағы бөлшек инвесторлар үшін Қазпочта қызметтері, сондай-ақ алдағы "ҚазМұнайГаз" IPO-сы болмақ.
⠀⠀
Сіз келесі ақпараттармен таныс боласыз:
▫️ трансфер-агент қалай жұмыс істейді және оның қызметтері халық арасында қаншалықты сұранысқа ие;
▫️ пошта бөлімшесі арқылы IPO-ға қатысуға қалай өтінім беруге болады және оны қайда жасауға болады;
▫️ Қазпочта IPO-ға брокер ретінде қатысады ма және өзінің мобильді қосымшасын дамытуды қалай жоспарлап отыр.
⠀⠀
Сонымен қатар, біз Қазпочтаның одан әрі дамуы, технологияларын өңірлерге ілгерілетуі және сізде туындайтын сұрақтар жайлы әңгімелейтін боламыз.
⠀⠀
Іс-шара форматы ГИБРИДТІ:
- барлық ниет білдірушілердің Биржа офисінде спикермен кездесуі, мекенжай: Алматы қ., Байзақов к-сі, 280, "Almaty Towers" ХҚК Солтүстік мұнарасы, 1 қабат, пресс-рум.
- Биржаның YouTube-арнасында онлайн көрсетілім болады.
⠀⠀
KASE Talks шарасына қатысу үшін, сілтеме бойынша
онлайн-тіркеуден өтіңіз.
⠀⠀
Сіздерді күтеміз! Қызықты болады!