- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- Биржадағы "Банк ЦентрКредит" АҚ арналған online эмитент күні
Биржадағы "Банк ЦентрКредит" АҚ арналған online эмитент күні
2021 жылдың 10 маусымында 11:00-де "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) "Эмитент күні" жобасы шеңберінде ZOOM-да инвесторлар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары және БАҚ өкілдері үшін компанияның 2020 жылғы қызметінің қорытындыларына арналған "Банк ЦентрКредит" АҚ басшылығымен онлайн-кездесу өткізеді.
Кездесу барысында "Банк Центр Кредит" АҚ Басқарма Төрағасы Ғалым Әбілжанұлы Хусаинов 2020 жылдың есептік кезеңінің қорытындысын шығарып, Банктің одан әрі даму жоспарлары туралы айтып береді. Спикер операциялық және қаржылық көрсеткіштерді ұсынады, сондай-ақ Банк іске асыруды жоспарлап отырған перспективалық жобалар туралы хабардар етеді.
Қызықтыратын сұрақтарды алдын ала customers@kase.kz электрондық мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз.
Іс-шараға қатысу үшін
электронды тіркеуден өту қажет немесе мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, электрондық пошта мекенжайы) customers@kase.kz мекен-жайына жолдау қажет.
Барлық тіркелген қатысушыларға ZOOM-дағы онлайн-кездесуге сілтеме (шақыру) жіберіледі.