- Басты бет
- Баспасөз орталығы
- Іс-шаралар
- KASE жылдық есептерінің конкурсы
KASE жылдық есептерінің конкурсы
Қазақстан қор биржасы Қазақстанда қаржылық емес есептілікті дайындау практикасын дамыту мақсатында өткізілетін жылдық есептер конкурсын өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсты өткізу кезінде дәстүрлі жылдық есептерді және Конкурсқа жіберілген заңды тұлғалардың орнықты дамуы туралы есептерді бағалау жүргізілетін болады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау үшін критерийлер ретінде қабылданған барлық сандық және сапалық көрсеткіштер 2020 жылға ұсынылған жылдық есептерге сүйене отырып есептеледі немесе анықталады.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.
Конкурс 2021 жылдың 02 желтоқсанынан 28 желтоқсанына дейін өткізіледі.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген кез келген заңды тұлғалар қатыса алады.
Конкурсқа қатысуға рұқсат алу үшін заңды тұлғалар 2021 жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) 2020 жылға жылдық есепті орыс тілінде, сондай-ақ бар болған жағдайда ағылшын және қазақ тілдерінде ұсынады;
3) Бар болған жағдайда 2020 жылға Тұрақты даму туралы есеп.
Конкурсқа қатысуға өтінім өтінімнің қол қойылған электрондық нұсқасын PDF форматында және DOC форматында электрондық поштаға жіберу арқылы ұсынылады monitoring@kase.kz.
Егер конкурсқа қатысуға өтінімде қандай да бір себеппен 2020 жылғы жылдық есепке/тұрақты даму туралы есепке интернет-сілтемелер ұсынылмаса немесе олар белсенді емес болып табылса, мұндай есептер PDF форматында электрондық түрде электрондық поштаға жіберіледі monitoring@kase.kz немесе Биржа мекен-жайы бойынша электронды тасымалдаушыда ұсынылады.
Байқауды өткізу кезеңдері:
- конкурсқа өтінімдерді қабылдау;
-сараптау комиссиясының материалдарды бағалауы және конкурстың шорт-парақтарын анықтау;
- қазылар алқасы мүшелерінің конкурс жеңімпаздарын анықтауы;
- байқау жеңімпаздарын марапаттау және тақырыптық конференция өткізу.
Негізгі номинациялар:
1) қаржы секторындағы үздік жылдық есеп;
2) қаржылық емес сектордағы үздік жылдық есеп;
3) тұрақты даму туралы үздік есеп.
Қосымша номинациялар:
1) жылдық есепте тұрақты дамуды басқару мәселелерін жақсы ашу;
2) жылдық есепте стратегияны жақсырақ ашу;
3) жылдық есепте корпоративтік басқару мәселелерін үздік ашу;
4) жылдық есептің ең үздік интерактивті нұсқасы;
5) жылдық есептің үздік дизайны.
Конкурсқа қатысушының дәйексіз мәліметтерді ұсыну фактісі, сондай-ақ конкурс өткізу кезеңінде оның тарапынан әдепсіз мінез-құлық анықталған жағдайда, конкурсқа қатысушы оны өткізудің кез келген кезеңінде конкурсқа қатысудан шеттетілуі мүмкін.