Адамға бағдарлану іс жүзінде

Білікті мамандардың тапшылығы, аса маңызды кәсіби тәжірибе мен білімнің жоғалуы және кәсіби қажу бүгінде қаржы институттары үшін операциялық немесе нарықтық іркілістен кем қауіп төндірмейді. Осы сын-қатерге жауап ретінде кадрлық қызмет стратегиялық серіктестікке айналуда.
Аталған міндеттерді шешу мақсатында Қазақстан қор биржасының (KASE) алаңында "Адамға бағдарлану іс жүзінде: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің HR-архитектурасы" атты тренинг ұйымдастырылды. Қарқынды оқыту бағдарламасы құрамына KASE де кіретін ҚРҰБ экожүйесінің бүкіл HR-командасын біріктірді.
Қатысушылар кадрлық тәуекелді анықтап, бағалады, технологиялық өзгерістерді ескере отырып, болашақта қаржы инфрақұрылымында сұранысқа ие болатын дағдылар мен құзыреттерді айқындады. Персоналдың жұмысқа қызығушылығы көрсеткіштері негізінде жұмыскердің ұйымдағы жол картасын (Employee Journey Map) әзірлеуге ерекше назар аударды.
Іс-шара қорытындысы бойынша ҚРҰБ-ның бірыңғай HR-манифесі әзірленді. Онда HR-экожүйесін дамытудың бес жылға көзделген пайымы және топқа кіретін барлық ұйым үшін адамға бағдарлану қағидаттары бекітілді.
Басқа іс-шаралар







