KASE-нің 2026 жылғы жеке инвесторлар конкурсы

KASE жеке инвесторларды өз дағдыларын іс жүзінде сынап көруге шақырады. Бір ай бойы қатысушылар өздерінің брокерлік шоттары арқылы сауда-саттық жүргізеді, ал олардың нәтижесі кірістілік пен тәуекелді ескере отырып бағаланады.
🏆 Қандай жүлде ұтып алуға болады?
🥇 1-орын – M5 чипі бар 13 дюймдік MacBook Air және 500 000 теңге
🥈 2-орын – iPhone 18 Pro және 400 000 теңге
🥉 3-орын – Apple Watch Series 12 және 300 000 теңге
🗓️ Маңызды күндер:
15 қарашаға дейін – қатысушыларды тіркеу;
17 қараша – 17 желтоқсан – Конкурс өткізілетін кезең;
29 желтоқсан – марапаттау рәсімі.
👥 Кімдер қатыса алады?
KASE мүшесі болып табылатын брокерде қолданыстағы брокерлік шоты бар 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары.
KASE, KACC және брокерлік ұйымдардың жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алмайды.
📌 Қалай қатысуға болады?
1. Конкурсқа тіркеліп, міндетті келісімдеріңізді растаңыз.
2. Конкурс кезеңінде өзіңіздің брокерлік шотыңыз арқылы KASE қайталама нарығында талаптарға сәйкес келетін қаржы құралдарымен мәмілелер жасаңыз.
3. Конкурс парақшасында қатысушылардың күн сайынғы рейтингін қадағалаңыз.
Нәтиже есепке алынуы үшін кемінде үш түрлі сауда-саттық күні мәміле жасау, кемінде бір рет сатып алу және кейіннен сату мәмілесін жасау, сондай-ақ Конкурстың қалған талаптарын орындау қажет.
🔗 Тіркелу мен Конкурстың толық ережелері сілтеме арқылы орналастырылған.
Қатысу мәселелері бойынша academy@kase.kz электрондық поштасына жазыңыз.
Конкурс туралы ақпарат инвестициялық ұсыным емес. Қаржы құралдарымен жасалатын операциялар тәуекелдермен байланысты.
Басқа іс-шаралар







