KZ
RU
EN
16 қараша 2026, 11:40
KZ
RU
EN
Кіру

Қарағандының ШОБ өкілдері үшін KASE-де қаржыландырудың жаңа көздері ашылды

#Конференциялар мен форумдар
04 қараша 2026

2026 жылдың тоғыз айында KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 5,5 трлн теңге болды. Бұл ретте облигация шығару арқылы капитал тарту мүмкіндігі тек ірі компанияларға ғана емес, шағын және орта бизнеске де қолжетімді. Қор нарығы кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер ашатыны Қарағандыда KASE, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) және "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры бірлесіп өткізген іс-шарада талқыланды.

Биржа өкілдері қатысушыларды ШОБ-қа арналған құралдармен, биржа нарығына шығу кезеңдерімен және KASE SME Qadam Bonds бағдарламасының шарттарымен таныстырды. Бағдарлама тұрақты ақша ағыны бар экономиканың нақты секторындағы компанияларға бағытталған және айналыс мерзімі үш жылға дейінгі теңгемен номинацияланған облигациялар шығаруды көздейді. Негізгі шарттардың қатарында – жеті күннен аспайтын мерзімде листингтен өту, өтінімнің ең төменгі көлемі 50 млн теңге болуы, облигацияларды 50-ден аспайтын білікті инвестор арасында орналастыру, сондай-ақ облигацияларды орналастыру және олардың айналысы үшін комиссиялық алымдардың алынбауы.

Кездесуде ЕҚДБ өкілі Қазақстанның капитал нарығын қолдау туралы айтып берді, BCC Invest компаниясы ШОБ-тың KASE-ге шығуын сүйемелдеу тәжірибесімен бөлісті, ал "ДАМУ" қоры кәсіпкерлікті қолдау құралдарын таныстырды.

Басқа іс-шаралар

Қарағандының ШОБ өкілдері үшін KASE-де қаржыландырудың жаңа көздері ашылды04 қараша 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE және Crystal Intelligence: цифрлық активтер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум04 қараша 2026#Академия
KASE-нің 2026 жылғы жеке инвесторлар конкурсы30 қазан 2026#Академия
Ring the Bell – KASE-де Қазақстандағы алғашқы цифрлық қаржы активтерімен сауда-саттық басталды28 қазан 2026#Рәсімдер
Инфляцияны қалай басқаруға болады? Канада тәжірибесі KASE дәрісінде27 қазан 2026#Академия
Адамға бағдарлану іс жүзінде22 қазан 2026
FEAS-пен диалог арқылы капитал нарығын дамыту және халықаралық инвесторларды тарту15 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады15 қазан 2026#Ынтымақтастық