KZ
RU
EN
16 қараша 2026, 11:40
KZ
RU
EN
Кіру

Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады

#Ынтымақтастық
15 қазан 2026

Заманауи қаржы құралдары мен цифрлық активтердің дамуы айқын әрі технологиялық тұрғыдан жетілдірілген салықтық ортаны талап етеді. Нарықтың осы сұранысына жауап ретінде KASE "ReportiX" және "PKF Tax & Legal Kazakhstan" (PKF) компанияларымен ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды.

Серіктестер цифрлық активтер саласында инвесторлар мен эмитенттердің салықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында, мерзімді және басқа да нарықтарда салық салу мәселелері бойынша бірлесіп қызмет көрсету мүмкіндігін пысықтау үшін күш біріктіреді. Жоба KASE-нің биржалық инфрақұрылымын, есептілікті автоматтандыруға арналған ReportiX IT-платформасын және PKF компаниясының консалтинг саласындағы сарапшылық тәжірибесін біріктіреді.

Серіктестіктің басты мақсаты – нарық қатысушылары үшін салықтық есепке алу мен есептілікті тапсыруды едәуір жеңілдететін түсінікті бағдарлар мен автоматтандырылған құралдарды әзірлеу.

Меморандум аясында тараптар салық салу мәселелері бойынша бірлескен ақпараттық-ағартушылық бастамалар мен сараптамалық материалдарды әзірлеу жұмысын бастады. 

Басқа іс-шаралар

Қарағандының ШОБ өкілдері үшін KASE-де қаржыландырудың жаңа көздері ашылды04 қараша 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE және Crystal Intelligence: цифрлық активтер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум04 қараша 2026#Академия
KASE-нің 2026 жылғы жеке инвесторлар конкурсы30 қазан 2026#Академия
Ring the Bell – KASE-де Қазақстандағы алғашқы цифрлық қаржы активтерімен сауда-саттық басталды28 қазан 2026#Рәсімдер
Инфляцияны қалай басқаруға болады? Канада тәжірибесі KASE дәрісінде27 қазан 2026#Академия
Адамға бағдарлану іс жүзінде22 қазан 2026
FEAS-пен диалог арқылы капитал нарығын дамыту және халықаралық инвесторларды тарту15 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады15 қазан 2026#Ынтымақтастық