KZ
RU
EN
1 қараша 2026, 11:30
KZ
RU
EN
Кіру

Конкурс туралы

"Бөлшек инвесторлар арасында конкурс" – KASE алаңында жеке инвесторлар арасында өткізілетін конкурс. Қатысушылар бір ай бойы өздерінің брокерлік шоттарында сауда-саттық жасайды, ал олардың нәтижесі тәуекелді ескере отырып түзетілген кірістілік бойынша бағаланады. Мақсаты – халық арасында инвестициялауды кеңінен насихаттау. Конкурсқа брокерлік шоты бар кез келген жеке тұлға қатыса алады. Конкурстың нәтижесін есептейтін кезде акциялармен, облигациялармен және KASE Global құралдарымен жасалған мәмілелер ескеріледі.

Жүлделер

1-орын
500 000KZT
және MacBook Air 13, M5
2-орын
400 000KZT
және iPhone 18 Pro
3-орын
300 000KZT
және Apple Watch Series 12

– ақшалай жүлдеден салық төлеу кезінде ұсталады;
– заттай нысандағы жүлдеден – Биржа өз қаражаты есебінен ұстап қалмай төлейді.

Қалай қатысуға болады

  1. 1

    Тіркеліңіз

    Конкурсқа қатысу үшін сауда-саттыққа қатысатын бүркеншік атты таңдаңыз.

    28 қазан – 15 қараша
  2. 2

    Мәміле жасаңыз

    Қалыпты брокерлік шотыңызда сауда-саттыққа жіберілген қаржы құралдарымен сауда жасаңыз.

    17 қараша – 17 желтоқсан
  3. 3

    Конкурстың нәтижесін қадағалап жүріңіз

    Жария лидербордтағы өз орныңызды нақты уақыт режімінде қадағалаңыз

    17 қараша – 17 желтоқсан
Тіркелу

Іріктеу шарттары

  • Кемінде үш түрлі сауда-саттық күнінде мәміле жасау
  • Кемінде бір сатып алу мәмілесін, одан кейін сату мәмілесін жасау
  • Конкурс аясындағы алғашқы сатып алу мәмілесінен бастап кемінде 10 сауда-саттық күні өтуге тиіс
  • Қорытынды кірістілік теріс болмауға тиіс

Жеңімпаз қалай анықталады?

Кірістілік÷Құбылмалылық= Рейтинг

Кірістілігі мен тәуекелінің арақатынасы ең тиімді болған қатысушы жеңімпаз атанады. Кірістілік неғұрлым жоғары, ал құбылмалылық неғұрлым төмен болса, рейтингі соғұрлым жоғары болады

Конкурсқа қосылыңыз

Тіркеліп, KASE өткізіп жатқан бөлшек инвесторлар конкурсына қатысыңыз.

Тіркелу

Жиі қойылатын сұрақтар

Тағы сұрағыңыз бар ма?