Сауда-саттық ақпарат

Іскерлік белсенділік индексі

51,60
0,70

ІБИ - бұл нақты сектордағы экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіш, экономикалық тенденциялардың динамикасын, бизнес циклінің маңызды және бетбұрыс нүктелерін зерттеуге мүмкіндік береді. ІБИ Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін кәсіпорындардың ай сайынғы сауалнамасының нәтижелері бойынша дайындалады және кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің нақты өзгерістеріне және олардың болашақта өзгеруіне қатысты күтулеріне қатысты сұрақтарға кәсіпорындардың жауаптарының жиынтығын қамтиды. Деректер қатары маусымдық факторды жоюмен ұсынылған. Толығырақ: https://nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida

ҚРҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің түсіндірмесі

2024 жылдың қараша айында іскерлік белсенділік біршама жақсарды. Көрсеткіш он ай бойы оң аймақта қалып, 51,6 болды.

 

Көрсеткіш өндіріс пен көрсетілетін қызмет секторында тиісінше 53,1 және 51,5-ке дейін өсуі есебінен ұлғайды (қазанда 52,9 және 50,6). Құрылыста индекс 49,9 (қазанда – 51,8) болып, төмендеу жағына өтті, ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде, керісінше, 50,3-пен (қазанда – 49,6) өсу жағына ауысты. Өндірісте жаңа тапсырыстар едәуір ұлғайса, құрылыста біршама төмендеді. Барлық секторда еңбекпен қамту деңгейі артқаны да тіркелді.

 

2024 жылғы қарашада бизнес-ахуал индексі (БАИ) ұлғайды. Бизнес жүргізудің ағымдағы жағдайын бағалау сияқты болашақ бизнес-жағдайларға қатысты оптимизм де жақсарды. Бизнес-циклдің «сағат» индикаторы өсуі жағында қалды.

Кәсіпорындардың бағалауы бойынша, олардың өнімдеріне/көрсетілетін қызметіне сұраныс артты. Қарашада сұраныстың өсу қарқыны саудадан басқа, барлық секторда күшейді. Саудада баяулағанына қарамастан, сұраныс оң қалпында қалды. Қалған факторлар (бизнесті қорғау мәселелері, салық жүктемесі және қаржыға/кредитке қолжетімділік) нашарлады, респонденттер инфрақұрылымның өзгеруін ғана бейтарап деп бағалады.

Толығырақ: nationalbank.kz/kz/page/indeks-delovoy-aktivnosti-po-kazahstanu-ida