KZ
RU
EN
13 шілде 2026, 00:03
KZ
RU
EN
Кіру

Тұрақты даму облигациялары нарығын дамыту: KASE мен CAIER меморандумға қол қойды

#Конференциялар мен форумдар
29 маусым 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты (CAIER) тиісті меморандумға қол қою арқылы Қазақстанда тұрақты қаржыландыру нарығын бірлесіп дамытуға уағдаласты.

Бұл құжат KASE эмитенттеріне орнықты даму мәселелері және жасыл, әлеуметтік және өзге де ESG-облигацияларды шығару бойынша сараптамалық әрі консультациялық қолдау көрсетуді, сондай-ақ тәуелсіз Second Party Opinion (SPO) қорытындысын жеңілдетілген шарттармен алу процесін сүйемелдеуді көздейді.

Жаңа серіктестік аясында 2026 жылы KASE эмитенттері CAIER ұйымынан SPO бойынша сыртқы бағалау қызметтерін өтеусіз негізде ала алады. Бұл компаниялардың тұрақты қаржыландыру нарығына шығуындағы кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Меморандумға жасыл облигацияларды шығаруға дайындық тақырыбына арналған бірлескен практикалық семинар аясында қол қойылды. Іс-шара барысында қатысушылар ESG-облигацияларды шығарудың негізгі кезеңдерін – негіздемелік құжаттаманы әзірлеуден және қаржы құралын құрылымдаудан бастап тәуелсіз SPO қорытындысын алуға және Капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығының (ICMA) Жасыл облигациялар қағидаттарына сәйкес шығаруға дейінгі барлық процесті қарастырды.

Кездесуді аша отырып, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов тұрақты қаржыландыруды дамыту Биржаның стратегиялық бағыттарының бірі екенін айтты. Қазіргі уақытта KASE листингінде тұрақты қаржыландырудың 49 құралы бар, оның ішінде 19-ы – жасыл облигация. Тіркелген шығарылымдардың жалпы көлемі 1,8 трлн теңгені, ал тартылған қаржыландыру көлемі 1,3 трлн теңгеден асты.

CAIER негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова экология мәселелері экономикамен және қаржымен тығыз байланысты екенін, ал тұрақты қаржыландыру экологиялық жобаларды іске асырудың маңызды тетігіне айналып отырғанын айтты. Сонымен қатар ол CAIER ұйымының ICMA-ның халықаралық сыртқы бағалаушылар тізіміне енгенін және енді компанияларға тұрақты облигация шығарудың барлық кезеңінде қолдау көрсете алатынын жеткізді.

Практикалық бөлімде CAIER, Shoqan SDG және Teniz Capital Investment Banking сарапшылары тұрақты облигацияларды дайындау және орналастыру бойынша нақты тәжірибелермен бөлісіп, шығарылымдарды құрылымдау және инвесторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөнінде практикалық ұсынымдарын ұсынды.

Спикерлердің презентацияларымен осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Басқа іс-шаралар

Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ-тан алғыс хаттар алды01 шілде 2026#Рәсімдер
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Эмитент - Capital Leasing Group күні: активтер көлемі 34 млрд KZT-ге жетті01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Тұрақты даму облигациялары нарығын дамыту: KASE мен CAIER меморандумға қол қойды29 маусым 2026#Конференциялар мен форумдар