KZ
RU
EN
1 қазан 2026, 08:15
KZ
RU
EN
Кіру

Инвестициялауды үйрену енді бұрынғыдан да оңай: KASE Academy жаңа білім беру платформасын іске қосты

#Оқыту
15 шілде 2026

Инвестициялаудың алғашқы қадамдарынан бастап капитал нарығын кәсіби деңгейде түсінуге дейінгі барлық білім енді бір платформада қолжетімді.

KASE Academy құрылымдалған оқу курстарын, практикалық тапсырмаларды, білімді бағалау жүйесін және оқуды ыңғайлы форматта ұйымдастыруға арналған мобильді қолданбаны біріктіретін заманауи Learning Management System (LMS) білім беру платформасын ұсынады.

Платформада қазірдің өзінде:
📚 бастаушы инвесторларға арналған 3 оқу курсы;
🎥 қосымша материалдар мен практикалық мысалдар қамтылған 40-тан астам бейнесабақ;
✅ нәтижесі автоматты түрде тексерілетін 44 практикалық тапсырма;
📈 оқу барысын, нәтижені және жетістікті бақылауға мүмкіндік беретін жеке кабинет көзделген.

Оқу кезең-кезеңімен ұйымдастырылған: пайдаланушылар материалдарды ретімен меңгеріп, тапсырма орындайды, тест тапсырады, балл жинайды және жаңа модульдерге өтеді.

👾 Оқу процесін одан әрі қызықты ету үшін платформада геймификация элементтері енгізілген: жетістіктер жүйесі, қатысушылар рейтингі және балл жинау мүмкіндігі пайдаланушыларға өз прогресін бақылауға және ынтасын сақтауға көмектеседі.

📱 Платформаға веб-нұсқада да, iOS және Android жүйелеріне арналған мобильді қолданбада да бірыңғай пайдаланушы аккаунты арқылы кіруге болады. Интерфейс пен оқу материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған, бұл оқуды кең аудитория үшін ыңғайлы әрі қолжетімді етеді.

Бұл бастамасы ғана. Жақын уақытта KASE Academy аясындағы білім беру экожүйесі белсенді түрде кеңейтіледі. Платформада капитал нарығының кәсіби қатысушыларына арналған жаңа бағдарламалар, бағалы қағаздарды листингке шығару, инвестицияны салықтық декларациялау бойынша курстар, сондай-ақ мектеп оқушыларына, студенттерге және қаржы әлемін еркін түсінгісі келетін барлық азаматқа арналған қаржылық сауаттылық бағдарламалары іске қосылады.

📌 Білім беру платформасына сілтеме берілген.

Басқа іс-шаралар

Аз жасап, көп нәтижеге қол жеткізу. Жүйелік әзірлеуші бөлісетін өнімділік құпиялары18 қыркүйек 2026
KASE биржалық ақпараттың халықаралық дистрибуциясын кеңейтуде16 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар
KMF Bank - KASE&KACC Football Cup 2026 чемпионы13 қыркүйек 2026#Рәсімдер
BASS Gold KASE-де облигациялар шығаруға, фабрика салуға және кенді ЖИ көмегімен сұрыптауды енгізуге дайындалуда10 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE мен KazLeasing лизингтік компаниялар үшін капитал нарығында жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуде09 қыркүйек 2026#Рәсімдер
SME Qadam Bonds бағдарламасы аясындағы бизнес үшін капитал нарығының мүмкіндіктері туралы08 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE-дегі семинар: инвестордың қызығушылығынан нақты мәмілеге дейін07 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE исламдық инвестициялауға арналған акциялар скринингін қосты04 қыркүйек 2026