KZ
RU
EN
1 қазан 2026, 08:53
KZ
RU
EN
Кіру

KASE исламдық инвестициялауға арналған акциялар скринингін қосты

04 қыркүйек 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Ailat финтех-экожүйесі бағалы қағаздардың ислам нормаларына сәйкестігін онлайн-скринингтен өткізуді іске қосу үшін күш біріктірді. Скрининг нәтижелері KASE сайтында 09 қыркүйектен бастап қолжетімді болады.

Бағалау үш кезеңде жүргізіледі. Алдымен ЖИ көмегімен көрсеткіштер автоматты түрде есептеледі, содан кейін сараптамалық верификациядан өтеді, ал қорытынды шешімді AAOIFI стандарттарына сәйкес Шариғат қадағалау кеңесі береді.

"Исламдық қаржыны дамыту - Қазақстанның капитал нарығының мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды бағыттарының бірі. Біз жергілікті және халықаралық қатысушылар тарапынан этикалық инвестицияға деген жоғары қызығушылықты байқап отырмыз және нарығымызды барынша ашық әрі тартымды етуге ұмтыламыз", - деп атап өтті KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов.

KASE Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Ысқақова Биржаның инновациялық сервистерді жоспарлы түрде енгізіп жатқанын айтты: "Ailat-пен ынтымақтастық озық ЖИ-технологияларды пайдалануға және инвесторларға тікелей біздің алаңымызда тексерілген бағалы қағаздарға қол жеткізуге мүмкіндік береді".

"Ailat финтех-экожүйесін Қазақстан қор биржасымен интеграциялау - Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия ауқымында этикалық қаржы нарығын дамытудағы стратегиялық қадам. Халықаралық деңгейдегі алаңда озық скрининг технологияларын енгізе отырып, біз нарыққа қатысушылардың рұқсат етілген бағалы қағаздарға қауіпсіз әрі ашық инвестициялауына көмектесеміз және өңіріміздің исламдық қаржының жаһандық хабы ретіндегі позициясын нығайтамыз", - деді Ailat негізін қалаушы Азат Өтепбай.

Ailat экожүйесі туралы:

Ailat экожүйесі отбасы мен бизнесті қолдауға және экономиканың орнықты дамуына бағытталған қаржылық және технологиялық сервистерді біріктіреді. Жобаның негізгі идеясы – адамдарға саналы қаржылық шешім қабылдауға, капиталды рұқсат етілмеген құралдардан қорғауға және оны кіріс әкелетін әрі қоғамға пайдасын тигізетін нақты активтерге бағыттауға көмектесу.

Басқа іс-шаралар

Аз жасап, көп нәтижеге қол жеткізу. Жүйелік әзірлеуші бөлісетін өнімділік құпиялары18 қыркүйек 2026
KASE биржалық ақпараттың халықаралық дистрибуциясын кеңейтуде16 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар
KMF Bank - KASE&KACC Football Cup 2026 чемпионы13 қыркүйек 2026#Рәсімдер
BASS Gold KASE-де облигациялар шығаруға, фабрика салуға және кенді ЖИ көмегімен сұрыптауды енгізуге дайындалуда10 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE мен KazLeasing лизингтік компаниялар үшін капитал нарығында жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуде09 қыркүйек 2026#Рәсімдер
SME Qadam Bonds бағдарламасы аясындағы бизнес үшін капитал нарығының мүмкіндіктері туралы08 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE-дегі семинар: инвестордың қызығушылығынан нақты мәмілеге дейін07 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE исламдық инвестициялауға арналған акциялар скринингін қосты04 қыркүйек 2026