KZ
RU
EN
10 қазан 2026, 22:18
KZ
RU
EN
Кіру

KASE биржалық ақпараттың халықаралық дистрибуциясын кеңейтуде

#Конференциялар мен форумдар
16 қыркүйек 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) нарықтық деректердің халықаралық дистрибуциясын кеңейтіп, жаһандық және өңірлік ақпараттық платформалармен ынтымақтастықты тереңдетуде.

Биржа өзінің нарықтық деректерін China Investment Information Services (CIIS) инфрақұрылымына интеграциялауда, бұл шетелдік қаржы ұйымдары мен ақпараттық платформалардың Қазақстанның капитал нарығы туралы ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтеді. Бұл туралы Қаржылық ақпарат вендорларының 7-ші Жаһандық конференциясы барысында KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Айнагүл Ысқақова айтып берді.

"Біз халықаралық ақпараттық вендорлармен көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз және бүгінгі міндетіміз - осы өзара іс-қимылды тереңдету. KASE-нің Қытай нарығындағы стратегиялық серіктесі CIIS-пен белсенді жұмыс істеу - осы бағыттағы маңызды қадам әрі Қазақстан нарығы туралы ақпаратты қытайлық қатысушыларға үйреншікті қаржылық инфрақұрылым арқылы қолжетімді ету мүмкіндігі", - деді Айнагүл Ысқақова.

KASE-нің CIIS инфрақұрылымындағы қатысуын кеңейту Биржаның халықаралық дистрибуцияны дамыту жөніндегі жүйелі жұмысының жалғасы болады және KASE-нің Азия ақпараттық нарығындағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінде KASE халықаралық серіктестерге нақты уақыт режіміндегі нарықтық деректерден бастап анықтамалық деректерге, корпоративтік оқиғаларға, индекстер мен индикаторларға, сондай-ақ Non-Display Usage үшін және туынды өнімдерді жасауға арналған деректерге дейін биржалық ақпараттың кең ауқымын ұсынады.

KASE ақпараттық бағытын дамытудың келесі кезеңі аналитикалық құрамдасты кеңейту және халықаралық қатысушыларға Қазақстан нарығы, оның құралдары мен эмитенттері туралы неғұрлым толық түсінік беретін өнімдерді жасау болмақ. Осылайша Биржа нарықтық деректерді дәстүрлі таратудан халықаралық серіктестермен неғұрлым терең ақпараттық өзара іс-қимылға дәйекті түрде көшуде.

Айнагүл Ысқақова өз сөзінде цифрлық активтер мен токендеуді KASE дамуының стратегиялық бағыттарының бірі ретінде де атап өтті. Биржа осы бағытты белсенді дамытып, жаңа цифрлық құралдар мен технологиялар саласындағы халықаралық диалогты кеңейтуде. Қытай және тұтастай алғанда Азия нарығы дәстүрлі биржалық деректердің дистрибуциясын одан әрі дамытумен қатар, KASE үшін осындай өзара іс-қимылдың маңызды бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.

Басқа іс-шаралар

KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз08 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Сингапурдағы Solana іс-шараларына қатысты06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Әділ Мұхамеджанов Capital Markets Forum форумында. KASE-дегі цифрлық активтер туралы06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE, KACC және ОД командалары бірлескен экотимбилдинг өткізді03 қазан 2026#Корпоративтік оқиғалар
KASE мен Alatau City Authority ЦҚА саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды02 қазан 2026#Ынтымақтастық
Экология туралы басты мифтер. Eco Network негізін қалаушының талдауы01 қазан 2026#Академия
Аз жасап, көп нәтижеге қол жеткізу. Жүйелік әзірлеуші бөлісетін өнімділік құпиялары18 қыркүйек 2026
KASE биржалық ақпараттың халықаралық дистрибуциясын кеңейтуде16 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар