KZ
RU
EN
1 қараша 2026, 11:33
KZ
RU
EN
Кіру

KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз

#Конференциялар мен форумдар
08 қазан 2026

IX Conference Capital Markets Kazakhstan конференциясында "KASE клиринг орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Идель Сабитов KASE мерзімді нарығының даму перспективалары туралы айтып берді.

Биржаның мерзімді нарығының негізін жеткізілімсіз валюталық фьючерстер құрайды. Қатысушыларға KASE Индексіне және жекелеген акцияға негізделген фьючерстер де қолжетімді. 2026 жылғы 05 қазанда қаржы құралдарының қатары EUR/KZT және CNY/KZT бағамдарына есеп айырысу фьючерстерімен толықты.

Мерзімді нарықтағы сауда-саттық айналымының негізгі бөлігі USD/KZT бағамына негізделген фьючерске тиесілі. Бұл секторда 38 қатысушыға сауда-саттыққа қатысу мүмкіндігі берілген. Валюталық фьючерстер бойынша баға белгілеуді екі маркет-мейкер – "SQIF Capital" АҚ және "Банк ЦентрКредит" АҚ қолдайды.

Нарықты дамытудың келесі қадамы брокерлердің өз қолданбалары арқылы осы өнімді клиенттеріне ұсынуымен байланысты.

"Брокерлердің қайсысы бұл өнімді бірінші болып клиенттердің кең ауқымына ұсынса, сол әлеуетті клиенттердің басым бөлігін өзіне жұмылдырады", – деп атап өтті Идель Сабитов.

Биржа брокерлермен бірлесіп, фьючерстерді клиенттер арасында ілгерілетуге дайын және кәсіби қатысушылардың нарықты дамыту жөніндегі ұсыныстарына ашық.

Спикердің айтуынша, теңгенің АҚШ долларына қатысты спот нарығының өтімділігі өте жоғары. Сондықтан уақыт өте келе осы бағамға негізделген фьючерс те өз клиенттерін табады, ал кейіннен индекске негізделген фьючерске және басқа да құралдарға сұраныс қалыптасады.

Басқа іс-шаралар

KASE-нің 2026 жылғы жеке инвесторлар конкурсы30 қазан 2026#Академия
Ring the Bell – KASE-де Қазақстандағы алғашқы цифрлық қаржы активтерімен сауда-саттық басталды28 қазан 2026#Рәсімдер
Инфляцияны қалай басқаруға болады? Канада тәжірибесі KASE дәрісінде27 қазан 2026#Академия
Адамға бағдарлану іс жүзінде22 қазан 2026
Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады15 қазан 2026#Ынтымақтастық
FEAS-пен диалог арқылы капитал нарығын дамыту және халықаралық инвесторларды тарту15 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Бейрезиденттерге салық салу: артық төлемнен қалай сақтануға және артық төленген салықты қалай қайтаруға болады?14 қазан 2026#Академия
KASE-дегі Қаржылық сауаттылық апталығы: жобаның негізгі қорытындысы09 қазан 2026#Академия