KZ
RU
EN
27 қазан 2026, 09:55
KZ
RU
EN
Кіру

KASE-дегі Қаржылық сауаттылық апталығы: жобаның негізгі қорытындысы

#Академия
09 қазан 2026

Қазақстан қор биржасында Ring the Bell for Financial Literacy 2026 халықаралық бастамасы аясында ұйымдастырылған Қаржылық сауаттылық апталығы аяқталды. Жоба жеке инвесторларды, қаржы секторының кәсіби мамандарын және капитал нарығының жұмыс істеу тетіктерін түсінуге ұмтылған жастарды біріктірді.

Бағдарлама KASE Академиясының алаңында өткен салтанатты ашылу рәсімінен басталды. Бес күн бойы қатысушылар қаржы құралдарын тәжірибеде қолдану, капиталды қорғау және әртараптандыру стратегиялары мәселелерін жан-жақты талқылады. Білім беру апталығы аясында студенттер үшін Биржаға таныстыру экскурсиясы да ұйымдастырылды. Онда болашақ мамандар KASE-нің операциялық процестерімен жақынырақ танысып, еліміздің қаржы нарығы инфрақұрылымының жұмысын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.

Бес күндік қарқынды бағдарлама барысында сарапшылардың қатысуымен 10 сағаттан астам практикалық сабақ өткізілді. Биржа залындағы офлайн кездесу мен Қазақстан өңірлеріндегі тыңдаушыларға арналған онлайн-трансляция арқылы іс-шараларға жалпы саны 350-ден астам адам қатысты.

Өз тәжірибесін төрт жетекші спикер бөлісті: BCC Invest Талдау және зерттеу департаментінің директоры Сұлтан Жұмағали, Freedom Finance Global Plc Білім беру жобалары департаментінің атқарушы директоры Жанна Кашенова, AFSA лицензиясы бар тәуелсіз қаржы кеңесшісі Аман Әлімбаев және KMF Банкі Қазынашылық департаментінің директоры Павел Рыжков. Сарапшылар инвестициялық портфельді қалыптастырудың, тәуекелді талдаудың және инвестициялық алаяқтықтан қорғанудың тәжірибеде қолданылатын әдістерін таныстырды.

Осындай бастамаларды өткізу KASE-нің инвестициялық мәдениетті жүйелі түрде дамытуға және азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлетінін көрсетеді. KASE Академиясы білім беру жұмысын және қаржы нарығы сарапшыларымен тұрақты кездесулер сериясын жалғастырады.

Жаңа іс-шаралар туралы хабарландыруларды KASE-нің ресми ақпараттық ресурстарынан қадағалаңыздар.

Басқа іс-шаралар

Адамға бағдарлану іс жүзінде22 қазан 2026
Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады15 қазан 2026#Ынтымақтастық
FEAS-пен диалог арқылы капитал нарығын дамыту және халықаралық инвесторларды тарту15 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Бейрезиденттерге салық салу: артық төлемнен қалай сақтануға және артық төленген салықты қалай қайтаруға болады?14 қазан 2026#Академия
KASE-дегі Қаржылық сауаттылық апталығы: жобаның негізгі қорытындысы09 қазан 2026#Академия
KASE-дегі лизинг секторы: өсудің жаңа құралдары. Қалай бизнес капитал тартып, облигация шығара алады?09 қазан 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз08 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Сингапурдағы Solana іс-шараларына қатысты06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар