KZ
RU
EN
27 қазан 2026, 09:54
KZ
RU
EN
Кіру

KASE-дегі лизинг секторы: өсудің жаңа құралдары. Қалай бизнес капитал тартып, облигация шығара алады?

#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
09 қазан 2026

Теңгемен жылдық кірістілігі 23%-ға дейін, ал мерзімі өткен төлемдер үлесі 3%-дан төмен болса, жеке инвесторлар неліктен лизинг секторының облигацияларына назар аударуы керек?

Осы мәселе мен қаржыландыру тарту перспективалары Алматыда KASE мен Қазақстанның "KazLeasing" лизинг компаниялары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде талқыланды. Кездесу Биржа алаңында лизинг бизнесінің өкілдерін, брокерлер мен жеке инвесторларды біріктірді.

KASE Client Relations Office директоры Алиса Карбаева қатысушыларға биржа нарығына шығудың практикалық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ол өз баяндамасында листингке шығудың кезең-кезеңімен әзірленген жол картасын және компанияларға облигациялар шығарылымын KASE-де небәрі бірнеше күн ішінде орналастыруға мүмкіндік беретін капитал тартудың жеделдетілген құралдарын таныстырды.

KazLeasing деректері бойынша бүгінде сала қарқынды өсіп келеді: соңғы алты жылда елдің жиынтық лизинг портфелі 6,6 есе ұлғайып, 3,4 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте сектор облигацияларының сенімділігі нақты активтермен қамтамасыз етіледі: техника мен жабдық толық сатып алынғанға дейін лизинг берушінің меншігінде қалады, ал клиенттің 20–30% мөлшеріндегі бастапқы жарнасы тәуекелдерді төмендетіп, купондық төлемдердің тұрақтылығына кепілдік береді.

"Қазақстанның лизинг секторы озық қарқынмен өсіп келеді және оның ауқымын кеңейту үшін қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. KASE-нің жария капитал нарығына шығу – бизнестің ресурстық базасын кеңейтудің қисынды қадамы. Ал жеке инвесторлар үшін мұндай бағалы қағаздар жоғары кірістілік пен нақты қамтамасыз етудің тартымды үйлесімін ұсынады", - деп атап өтті "Нұр Лизинг" лизинг компаниясы" ЖШС бас директоры Дархан Әбдіқалық.

Alatau City Invest брокерлері "Capital Leasing Group" ЖШС және "Лизинг Групп" АҚ басшыларымен бірге бағалы қағаздар эмиссиясы мен активтерді секьюритилендіру бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Ал бөлшек инвесторлар нарығының ұстанымын Миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) сарапшылары таныстырды.

Кездесу қайталама нарықты дамыту, реттеушілік ынталандыру шаралары және цифрлық қаржы активтері (ЦҚА) арқылы портфельдерді токендеу перспективалары туралы панельдік пікірталаспен аяқталды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша KASE мен KazLeasing болашақ эмитенттерге арналған практикалық чек-парақты және реттеуші органға ұсыныстарын дайындауға кірісті.

Басқа іс-шаралар

Адамға бағдарлану іс жүзінде22 қазан 2026
Цифрлық активтер және салық: KASE, ReportiX және PKF үшжақты серіктестік туралы жариялады15 қазан 2026#Ынтымақтастық
FEAS-пен диалог арқылы капитал нарығын дамыту және халықаралық инвесторларды тарту15 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Бейрезиденттерге салық салу: артық төлемнен қалай сақтануға және артық төленген салықты қалай қайтаруға болады?14 қазан 2026#Академия
KASE-дегі Қаржылық сауаттылық апталығы: жобаның негізгі қорытындысы09 қазан 2026#Академия
KASE-дегі лизинг секторы: өсудің жаңа құралдары. Қалай бизнес капитал тартып, облигация шығара алады?09 қазан 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз08 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Сингапурдағы Solana іс-шараларына қатысты06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар