Әділ Мұхамеджанов Capital Markets Forum форумында. KASE-дегі цифрлық активтер туралы

KASE Басқармасының төрағасы Әділ Мұхамеджанов халықаралық инвесторларға Қазақстанның капитал нарығының токенделген құралдарын және платформа арқылы оларға реттелетін қолжетімдік моделін таныстырды.
Шығару моделі үш институционалдық буынның өзара байланысына негізделген: KASE активтерді реттелетін биржалық ортада құрылымдайды, Solana блокчейні жылдам әрі арзан токендеуді қамтамасыз етеді, ал BitGo институционалдық сақтауды және жаһандық дистрибуция үшін листингті қамтамасыз етеді. Биржа басшысы жобаның орташа күндік сауда-саттық көлемі $4,5 млрд болатын, CPMI-IOSCO қағидаттарына сәйкес келетін және ISO стандарттары бойынша сыртқы аудиттен өткен KASE инфрақұрылымына негізделгенін атап өтті.
Халықаралық инвесторларға Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына, сондай-ақ жетекші эмитенттердің корпоративтік облигацияларына қолжетімдік ашылады.
"Реттелетін Биржа базасында нақты активтерді токендеу халықаралық инвесторлардың Қазақстан капиталына тікелей әрі ашық қол жеткізу арнасын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.
Басқа іс-шаралар







