KZ
RU
EN
10 қазан 2026, 23:18
KZ
RU
EN
Кіру

KMF Bank - KASE&KACC Football Cup 2026 чемпионы

#Рәсімдер
13 қыркүйек 2026

Қазақстан қор биржасы және KASE клиринг 
орталығы (KACC) игі дәстүрді жалғастырып, биыл да жыл сайынғы KASE - KACC Football Cup 2026 футбол чемпионатын ұйымдастырды. Турнир 12–13 қыркүйекте Орталық стадионның қосалқы алаңында өтті.

Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

🥇 1-орын - KMF Bank
🥈 2-орын - KEGOC
🥉 3-орын - Bereke Bank

Биыл чемпионат іс-шараның ресми серіктесі Halyk Finance қолдауымен 14-ші рет өткізілді.

Турнирге қаржы секторы мен бизнестің түрлі ұйымдарының атынан 35 команда қатысты. Олардың қатарында Halyk Finance, Halyk Bank, ҚР Ұлттық Банкі, ҚНРДА, Alatau City Bank, Freedom Broker және басқалары бар.

KASE - KACC Football Cup - жай ғана спорттық іс-шара емес, бұл қатысушылар үшін іскерлік байланысты нығайтуға, командалық рухты танытуға және жұмыс кеңістігінен тыс жарқын әсер алуға мүмкіндік.

Ойыншылардың тәжірибесі мен команданың дайындық деңгейіне қарамастан, турнирге кез келген ниет білдіруші қатыса алды. Чемпионат қатысушыларға ұмытылмас әсер, қызықты кездесулер және көптеген жағымды сәт сыйлады.

Өткен жылы жүлделі орындардың қалай бөлінгенін еске сала кетейік: KEGOC - 1-орын; Қазатомөнеркәсіп - 2-орын; KMF Bank - 3-орын.

KASE - KACC Football Cup - футболдан да артық. Бұл - бірлік, серіктестік және командалық рух!

Басқа іс-шаралар

KASE фьючерстері: инфрақұрылым дайын, брокерлерді күтеміз08 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Сингапурдағы Solana іс-шараларына қатысты06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
Әділ Мұхамеджанов Capital Markets Forum форумында. KASE-дегі цифрлық активтер туралы06 қазан 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE, KACC және ОД командалары бірлескен экотимбилдинг өткізді03 қазан 2026#Корпоративтік оқиғалар
KASE мен Alatau City Authority ЦҚА саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды02 қазан 2026#Ынтымақтастық
Экология туралы басты мифтер. Eco Network негізін қалаушының талдауы01 қазан 2026#Академия
Аз жасап, көп нәтижеге қол жеткізу. Жүйелік әзірлеуші бөлісетін өнімділік құпиялары18 қыркүйек 2026
KASE биржалық ақпараттың халықаралық дистрибуциясын кеңейтуде16 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар