KZ
RU
EN
3 тамыз 2026, 02:30
KZ
RU
EN
Кіру

KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды

#Ынтымақтастық
07 шілде 2026

Қазақстан қор биржасы (KASE) Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығының мүмкіндіктері мен оның дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды.

Таныстырылым барысында қатысушыларға KASE-нің елдің қаржы жүйесіндегі рөлі, заманауи биржалық инфрақұрылымы және халықаралық инвесторларға ұсынатын мүмкіндіктер туралы айтылды. Нарықтың серпініне ерекше назар аударылды: 2025 жылдың қорытындысы бойынша KASE-дегі сауда-саттықтың жалпы көлемі 769 млрд АҚШ долларын, бағалы қағаздар нарығындағы сауда-саттық көлемі 29,8 млрд АҚШ долларын, ал валюта нарығындағы сауда-саттық көлемі 98,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Сонымен қатар KASE мемлекеттік және корпоративтік облигациялар нарығының дамуы, KASE клиринг орталығының (KACC) қызметі, сондай-ақ Биржаның заманауи сервистері мен ақпараттық өнімдері туралы ақпарат берді.

KASE Қазақстанның капитал нарығының мүмкіндіктерін таныстыру және шетелдік инвестициялық қауымдастықпен ынтымақтастықты нығайту мақсатында халықаралық инвесторлармен осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізіп келеді.

Басқа іс-шаралар

KASE және PSX Қазақстан мен Пәкістанның капитал нарықтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтады17 шілде 2026#Ынтымақтастық
Инвестициялауды үйрену енді бұрынғыдан да оңай: KASE Academy жаңа білім беру платформасын іске қосты15 шілде 2026#Оқыту
Сауда-саттық көлемінің өсуі, жаңа эмитенттер және цифрлық активтер: KASE мен KACC қызметінің бірінші жартыжылдықтағы қорытындысы14 шілде 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Жапонияда өткен ASEAN+3 форумында KASE облигациялар нарығын дамыту мәселелерін талқылады08 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
Қазақстан қор биржасы қалай жұмыс істейді: KIMEP University студенттеріне арналған KASE академиясының дәрісі07 шілде 2026#Оқыту
KASE Қытайдың институционалдық инвесторларына Қазақстанның капитал нарығын таныстырды07 шілде 2026#Ынтымақтастық
Лизинг портфелі 2,3 млрд теңгеге жетті: KASE алаңында Garanti Leasing қатысуымен Эмитенті күні өтті03 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE капитал нарығын дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды талқылауға қатысты01 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар