KZ
RU
EN
3 қыркүйек 2026, 10:29
KZ
RU
EN
Кіру

KASE капитал нарығындағы ESG рөлін күшейтуде

#Конференциялар мен форумдар
11 тамыз 2026

🌱 Қазақстан қор биржасының (KASE) халықаралық ынтымақтастық және орнықты даму жөніндегі басқарушы директоры Екатерина Андрюшина Алматыда өткен "ESG, жұмыскерлердің қауіпсіздігі және сақтандыру тәуекелін азайту" форумында сөз сөйледі. Форумды BCC Life ӨСК АҚ және "PARYZ" ҰКР ұйымдастырды.

Сөз сөйлеу барысында KASE-нің ESG күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер: ESG-ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын талаптар, ESG-ақпаратты ашып көрсету сапасының инвесторлардың эмитенттің бағалы қағаздарына қызығушылығына әсері, Биржаның "S"-көрсеткіштерін ашып көрсетуді стандарттау жөніндегі жоспары, ESG-ге бағдарланған сақтандыру және қаржы секторына шетелдік капитал ағынын ұлғайту шаралары қарастырылды.

Бұл ретте ұсынылатын ESG-есептіліктің сапасын арттыруға ерекше назар аударылды, өйткені ол компанияның айқындығына, беделіне және шетелдік әрі жергілікті институционалдық инвесторлардың сеніміне әсер етеді.

GRI, SASB және IFRS S1/S2 сияқты стандарттарды қолдану ашып көрсетілетін ақпаратты неғұрлым түсінікті әрі салыстырмалы етеді, сондай-ақ ақпараттық белгісіздікті және инвестордың талдау жүргізуге жұмсайтын шығынын азайтады.

"KASE үшін ESG өз алдына мақсат емес, бұл - инвесторлардың сенімін қалыптастыруға көмектесетін және Қазақстанның капитал нарығын неғұрлым түсінікті әрі әлемдік нарықтармен салыстырмалы ететін халықаралық айқындық стандарты", - деп атап өтті Екатерина Андрюшина өз сөзінде.

Қазақстандағы ESG облигациялар бойынша жеңілдік те жеке атап өтілді. Биржа осындай шығарылымдардың эмитенттеріне листингілік алым төлеу бойынша жеңілдік, сондай-ақ тиісті консультациялық қолдау ұсынады. Сонымен қатар Биржа бағалы қағаздар шығарылымын бағалайтын және олардың ESG критерийлеріне сәйкестігін растайтын халықаралық верификатор-компаниялармен бірқатар тиісті уағдаластыққа қол жеткізді.

🤝 KASE халықаралық ESG-бастамаларға қатысу аясын дәйекті түрде кеңейтіп келеді. Биржа UN Sustainable Stock Exchanges бастамасына кіреді, Қаржылық қызметтерді нөлдік шығарындымен жеткізушілер альянсының (NZFSPA) қатысушысы болып табылады, ал 2026 жылғы тамыздан бастап - БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы.

Басқа іс-шаралар

Сіздерді Эмитент - "ҚазТрансОйл" компаниясымен кездесуде күтеміз!02 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE "Инвестордың 2026 жылғы салығы: нені, қашан және қалай декларациялау керек" семинарына шақырады02 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE биржаны басқару құрылымын халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруді ұсынады02 қыркүйек 2026#Баспасөз конференциялары мен брифингтер
Жүйелі түрде қалай инвестициялауға болады: Батыр Елемесінің жеке тәжірибесі28 тамыз 2026#Оқыту
KASE × Ant Digital Technologies: цифрлық инфрақұрылым үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу27 тамыз 2026#Ынтымақтастық
KASE БҰҰ Жаһандық шартына қосылды13 тамыз 2026#Ынтымақтастық
KASE капитал нарығындағы ESG рөлін күшейтуде11 тамыз 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE Digital Assets Platform платформасымен бірге Қазақстанның цифрлық активтер нарығын дамыту31 шілде 2026#Конференциялар мен форумдар