KZ
RU
EN
14 қыркүйек 2026, 23:00
KZ
RU
EN
Кіру

"ҚазТрансОйл" компаниясының пайдасы 29,4 млрд теңгеге дейін өсті

#Конференциялар мен форумдар
02 қыркүйек 2026

2026 жылдың алғашқы алты айында "ҚазТрансОйл" компаниясының таза пайдасы 29,4 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 22,0 млрд теңге болған. EBITDA 59,4 млрд теңгеге, ал негізгі қызметтен түскен кіріс 179,9 млрд теңгеге жетті. Компания бірінші жартыжылдықтағы негізгі көрсеткіштерін KASE-де өткен Эмитент күнінде таныстырды.

Компанияның негізгі өндірістік және қаржылық көрсеткіштері туралы "ҚазТрансОйл" компаниясының экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары, Басқарма мүшесі Әміржан Оспанов айтып берді.

Бірінші жартыжылдықта "ҚазТрансОйл" тасымалдаған мұнай көлемі 22,9 млн тоннаны, ал мұнай жүк айналымы 22,4 млрд тонна-километрді құрады.

Кездесуде перспективалы инвестициялық жобаларға да жеке тоқталды. Компания Кенқияқ-Атырау және Кенқияқ-Құмкөл мұнай құбырларын кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаның алдын ала құны 327 млн АҚШ долларын немесе 176,7 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2026-2030 жылдар.

Кездесуді KASE Басқарма Төрағасының орынбасары Айнагүл Искакова модерациялады.

Еске сала кетейік, Эмитент күні - KASE-нің негізгі жобаларының бірі. Оның аясында компания басшылығы инвесторларға, талдаушыларға және БАҚ өкілдеріне қаржылық нәтижелерін, даму стратегиясын тікелей таныстырып, нарықтың негізгі сұрақтарына жауап береді.

Басқа іс-шаралар

KMF Bank - KASE&KACC Football Cup 2026 чемпионы13 қыркүйек 2026#Рәсімдер
BASS Gold KASE-де облигациялар шығаруға, фабрика салуға және кенді ЖИ көмегімен сұрыптауды енгізуге дайындалуда10 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар
KASE мен KazLeasing лизингтік компаниялар үшін капитал нарығында жаңа мүмкіндіктерді кеңейтуде09 қыркүйек 2026#Рәсімдер
SME Qadam Bonds бағдарламасы аясындағы бизнес үшін капитал нарығының мүмкіндіктері туралы08 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE-дегі семинар: инвестордың қызығушылығынан нақты мәмілеге дейін07 қыркүйек 2026#Оқыту
KASE исламдық инвестициялауға арналған акциялар скринингін қосты04 қыркүйек 2026
KASE және AIFB исламдық қаржыландыру саласында күш біріктіреді04 қыркүйек 2026#Рәсімдер
"ҚазТрансОйл" компаниясының пайдасы 29,4 млрд теңгеге дейін өсті02 қыркүйек 2026#Конференциялар мен форумдар